
Сарыағаш ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген шекте тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту саясаты саласында жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады. Сарыағаш ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мемлекеттік мекемесінің негізгі қызметі - ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу және мемлекеттік тұрғын үй қорын басқару болып табылады.