
Сарыағаш ауданының «Ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген шекте ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік саласында жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады. Сарыағаш ауданының «Ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің негізгі қызмет бағыты - аудандағы ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлікті дамыту салаларындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру болып табылады.