Облыс әкімдігі айқындаған бюджеттік бағдарламалар және (немесе) тауарлар, қызметтер, жұмыстар бойынша мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және өткізу, сонымен қатар,
-тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыға мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге тапсырманы ұсыну;
-мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының тапсырыс беруші ұсынған, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын тапсырма негізінде конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) жобасын әзірлеу және бекіту;
-мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) құрамын айқындау;
-қажет болған жағдайда мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;
-мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды мемлекеттік сатып алу веб-порталына орналастыру;
-мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) және (немесе) конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) техникалық өзіндік ерекшелігін алған, мемлекеттік сатып алу веб-порталына автоматты түрде тіркелген тұлғалар тарапынан сұрау салулар мен ескертулерді жіберу;
-конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын айқындау;
-заңнамамен көзделген жағдайларда әлеуетті өнім берушінің конкурсқа (аукционға) қатысуға өтінімін қамтамасыз етуді қайтаруды жүзеге асыру;
-заңнамамен көзделген жағдайларда конкурсқа (аукционға) қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің сомасын тиісті бюджет кірісіне енгізу;
-тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге арналған тапсырманы қарастыру;
-қажет жағдайда конкурстық (аукциондық) құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;
-тапсырыс берушы ұсынған тапсырма негізінде конкурстық (аукциондық) құжаттаманы әзірлеу және бекіту;
-мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын конкурс (аукцион) арқылы анықтау;
-мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына конкурстық (аукциондық) құжаттаманы және (немесе) конкурстық (аукциондық) құжаттаманың техникалық ерекшелігіналған тұлғаларды, мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген тұлғалар тарапынан сұрау мен ескертулерді тапсырыс берушіге жіберу;
- заңнамада көзделген жағдайларда бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушіге мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақыру жібереді.
Бөлімнің негізгі функциясы - Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті қамтуға мониторинг жүргізу, сонымен қатар,
Мемлекеттің егеменді ел екенін айқындайтын бірден-бір белгі, ол − ақша айналымында өзіндік төл валютасының болуы. Кез келген мемлекеттің ұлттық валютасы – экономика тәуелсіздігі мен халық егемендігінің кепілі.
1993 жыл еліміздің Тәуелсіздік тарихына ерекше жыл болып енді. Өйткені осы жылы 15 қарашада өз тізгінін қолға алып, ұлттық теңгені айналымға енді. Ал, 1997 жылы 13 қарашада Елбасы алғаш теңгенің айналымға түскен күнін «Ұлттық валюта күні» деп жариялады. Алғашқыда қазақтың ақын-жазушылары мен тарихи тұлғалары бейнеленген теңге шықса, кейіннен жаңа Қазақстанның айрықша көрікті жерлері бейнеленген теңгеге ауысты.
Елбасы өзінің «Қазақстан жолы» еңбегінде теңге операциясы жөнінде былай деп еске алады: «Мен күн сайын кешке қарай біздің топ жұмыс істеп жатқан қала сыртындағы саяжайға келемін. Ақшаның қалай аталуы жөнінде бізде үлкен айтыс болды. Оларды «сом», «ақша» немесе «теңге» деп атау ұсынылды. Менің өзіме «алтын» атауы ұнады. Ақыр аяғында, орта ғасырлық тарихтан, Қыпшақ даласының жерлерінде айналымда болған «тәңгә» деген құйма, ақшадан шығарып «теңгеге» тоқтадық. Шынында да «деньги», «теңге»» сөздерінің түп-төркіндері бір еді».
Маңғыстау облысының қаржы жүйесінің қалыптасуы мен дамуы
Тарих
Маңғыстау облысында қаржы органы – 1920 жылдың 12 маусымында Адай уездік қаржы бөлімі болып құрылды.
Қазақ АССР Қаржы Халық Комиссариатының құрамына енген Адай уездік қаржы бөлмінің негізгі міндеті – өңірде қаржы саясатын жүргізу, қаржы-экономикалық қатынастарды реттеу және басқару болды. Қаржы бөліміне мемлекеттік мұқтаждар үшін салық жинау, уездік бюджеттің орындалысын қамтамасыз ету жүктелді.
Адай уезінің жабылуына байланысты 1927 жылдың 27 маусымында Адай уездік қаржы бөлімі өз жұмысын тоқтатты.
Кейіннен 1928 жылы 17 қаңтарда Қазақ АССР-нің Адай округі құрылған соң, Адай округтік жұмысшы, шаруа және қызыләскер депуттарының Атқару комитетінің қаржы бөлімі құрылды.
Ол кездерде аумақтық қайта құруларға байланысты облыстың қаржы органдары да қайта құрылып, құрылымдық өзгерістерге ұшырап отырған. Көп жылдары өңірдің қаржы органдары сол кездегі Гурьев облысына қарасты болып, аумақтық бөлімшелер міндетін атқарған.
Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1973 жылғы 20 наурыздағы Жарлығымен Маңғышлақ облысы құрылғаннан кейін, Маңғышлақ облыстық еңбекші депутаттар Кеңесінің атқару комитетінің қаржы бөлімі құрылды. Бөлім – мемлекеттік кірістер, бюджет және бақылау ревизиялық бөлімі сияқты 3 құрылымнан жасақталды.
Облыстық қаржы басқармасының алғашқы басшысы болып Андрей Пан-Дюнович Пак тағайындалған. Сол кісі өз естелігінде «Жаңадан құрылған облыста барлығын жаңадан құру керек болды. Облыстық қаржы басқармасы мен Мұнайлы және Ералиев аудандық қаржы бөлімдері құрылды. Мамандар жетіспеушілігін шешу мақсатында Алматы, Орынбор, Семей, Павлодар, Қостанай, Ақтөбе, Гурьев облыстарынан қызметкерлер шақыртылды. Сол қызметкерлер кейіннен облыстағы түрлі қаржы органдарының басшылары болды. Олар – А. Құдайбергенов, М. Жаңбырбаев, А. Қашақов, Ж. Албытов, В. Киселева және т.б.
1977 жылы Маңғышлақ облыстық еңбекші депутаттар Кеңесінің қаржы бөлімі Маңғышлақ облыстық халық депутаттары Кеңесінің қаржы бөлімі, ал 1990 жылы Маңғыстау облыстық халық депутаттары Кеңесінің қаржы басқармасы болып қайта құрылды.
Облысымыздың қаржы саласының қалыптасуы мен дамуы жолында басында өз ісінің нағыз кәсіпқойлары Пак.А.П, Құдайбергенов А.А, Киселева В.Н, Шаметова С.Б, Нұрғалиева Х.Х, Альбекова М.Б сияқты білікті де жігерлі мамандар тұрды.
Сонымен қатар, жергілікті деңгейде елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан, аудандық және қалалық қаржы бөлімдерінің қызметкерлерінің де еңбектері зор. Олардың қатарында жас мамандардың кәсіби маман болып қалыптасып шыңдалуына зор ықпал етіп, тәлім-тәрбие берген Губашев Х.Б., Дәуленов Қ. Д., Қарабалаев К.К., Жұбаев С.Ж., Арзығұлов А., Ерғалиев Ж.Ж., Ким А.Н., Қани С.Қ сияқты ардақты ардагерлер бар.
Тәуелсіздік жылдары
Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен жаңа мемлекет құру, ел экономикасын нарықтық экономикаға көшіру, тәуелсіз еліміздің төл валютасы – теңгенің енгізілуі сияқты қоғамдағы түбегейлі реформалар қаржы жүйесін де қайта құруға негіз болды.
Бүгінгі таңда еліміздің қаржы жүйесі тәуелсіз мемлекетіміз үшін табысты және қарқында дамудың негізгі тірегі болып саналады.
Тәуелсіздік жылдарында ел экономикасының қалыптасуы мен қарқынды дамуына қаржы жүйесі қызметкерлерінің қосқан үлесі орасан зор.
Қаржы жүйесінің табысты жұмыс істеуінде ерекше рөл аймақтарға беріледі.
Өңіріміздің қаржы жүйесін Мемлекеттік кірістер, Қазынашылық, Қаржылық аудит, мемлекеттік Мүлік және жекешелендіру комитеттері, сондай-ақ барлық деңгейдегі банктер мен жергілікті қаржы органдары құрайды. Бұл үлкен өзара байланысты механизм. Онда әрбір құрамдас бөлік өзінше маңызды. Бұл сауатты бюджеттік жоспарлау, түсімді қамтамасыз ету жөніндегі кешенді шаралар, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру, сондай-ақ қаржылық бақылау.
Еліміз тәуелсіздік алып, өз алдына мемлекет болып қалыптасуы және дамуы жылдарында өңірдің қаржы органдары да қайта құрылу, қалыптасу, жан-жақты даму сатыларынан өтті. 1998 жылға дейін облыстық қаржы басқрмасына қарасты болып келген аудандық және қалалық қаржы бөлімдері қайта құрулар нәтижесінде жергілікті әкімдіктерге берілді.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының Бес институционалдық реформасы аясындағы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 98-қадамы шеңберінде ауылдық округтер деңгейінде өзін - өзі басқарудың дербес бюджет енгізілді. Бұл өз кезегінде жергілікті өзін өзі басқару органдарының бюджеттік процесс және коммуналдық меншікті басқарудағы өкілеттіктерін кеңейтуге мүмкіндік берді.
Тәуелсіздік жылдары өңір экономикасының қарқынды өсуіне байланысты жергілікті бюджет көлемі де жыл сайын артуда.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары облыс бюджетінің көлемі 3,5 млрд. теңгені құраған болса, биылғы мерейтой жылында оның көлемі 320 млрд.теңгеге дейін артты, оның 200 млрд.теңгесі меншікті кірістерден құралса, 107 млрд.теңгесі республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер мен кредиттер болып табылады. Бюджет шығыстарының 50%-дан астамы әлеуметтік салаға, 25%-дан астамы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы сияқты басым бағыттағы салаларға жоспарланды.
Теңге туралы қызықты деректер
1. Предоставление в имущественный наем (аренду) объектов без проведения тендера осуществляется в следующих случаях:
1) предоставления по часам помещений (независимо от их площади) и оборудования (независимо от его стоимости) организаций образования, научных, культурных и спортивных организаций для проведения курсовых занятий, конференций, семинаров, концертов, выставок и спортивных мероприятий;
2) предоставления помещений кандидату, политической партии либо их доверенным лицам для встреч с избирателями и проведения предвыборной агитации;
3) предоставления помещений и оборудования поставщикам, заключившим договоры о государственных закупках (государственного задания), связанных с поставкой товаров, выполнением работ и оказанием услуг балансодержателям объектов либо государственным юридическим лицам, размещенным на этом объекте, в случае, если договором о государственных закупках (государственного задания) предусматривается предоставление помещений и оборудования поставщикам;
4) предоставления помещений, зданий и сооружений площадью до ста квадратных метров, иного имущества (автотранспортные средства, оборудования, мебель, оргтехника) остаточная стоимость которого не превышает ста пятидесятикратного месячного расчетного показателя;
5) предоставления площадей для установки банкоматов и мультикасс;
6) осуществления деятельности Национального оператора почты в селах, сельских округах;
7) предоставления объектов, относящихся к районному коммунальному имуществу и переданных в управление акимам города районного значения, села, поселка, сельского округа;
8) предоставления помещений (независимо от их площади) и оборудования (независимо от его стоимости) поставщикам, заключившим договоры о закупках услуг по организации питания обучающихся в организациях среднего образования.
2. В случае подачи двух и более заявок на предоставление в имущественный наем (аренду) объектов, предусмотренных подпунктами 4) и 5) пункта 7 настоящих Правил, передача их в имущественный наем (аренду) осуществляется с проведением тендера.
В случае проведения тендера в связи с подачей двух и более заявок на предоставление в имущественный наем (аренду) объектов, предусмотренных подпунктами 4) и 5) пункта 7 настоящих Правил, путем проведения тендера наймодатель обеспечивает размещение сведений о передаче этих объектов в имущественный наем (аренду) путем проведения тендера на веб-портале реестра в течение семи рабочих дней после принятия такого решения.
3. Предоставление объекта в имущественный наем (аренду) без проведения тендера, осуществляется на основании заявления на предоставление объекта в имущественный наем (аренду) (далее – заявление) по форме, согласно приложению 2 к настоящим Правилам.
Заявление оформляется в электронной форме на веб-портале реестра с указанием наименования объекта, его балансодержателя, а также обоснования потребности в объекте с приложением копии (сканированного) документа, удостоверяющего полномочия представителя юридического или физического лица (доверенности).
По объектам, указанным в подпунктах 3) и 8) пункта 7 настоящих Правил, веб-портал реестра принимает заявки только участников, указанных в договорах, предусматривающих предоставление государственного имущества (помещений и оборудования) поставщикам.
4. Предоставление помещений кандидату, политической партии либо их доверенным лицам для встреч с избирателями и проведения предвыборной агитации осуществляется на основании их письменного заявления в произвольной форме на имя наймодателя.
Наймодатель в течении двух рабочих дней с момента поступления заявления уведомляет кандидата, политическую партию либо их доверенных лиц о готовности заключить договор имущественного найма (аренды) на недвижимое имущество.
Требования части второй пункта 9 настоящих Правил не распространяются на случаи предоставления помещений кандидату, политической партии либо их доверенным лицам для встреч с избирателями и проведения предвыборной агитации.
5. Наймодатель рассматривает заявление на предоставление в имущественный наем (аренду) объектов, за исключением указанных в подпунктах 4) и 5) пункта 7 настоящих Правил в течение пяти рабочих дней.
Наймодатель рассматривает заявление на предоставление в имущественный наем (аренду) объектов, указанных в подпунктах 4) и 5) пункта 7 настоящих Правил в течение пяти рабочих дней со дня поступления первой заявки.
По результатам рассмотрения заявления (заявлений) на предоставление в имущественный наем (аренду) объектов наймодатель принимает одно из следующих решений:
1) о сдаче объекта в имущественный найм (аренду);
2) о проведении тендера в соответствии с настоящей главой, в случае подачи двух и более заявлений на предоставление в имущественный наем (аренду) объектов, указанных в подпунктах 4) и 5) пункта 7 настоящих Правил;
3) об отказе в сдаче объекта в имущественный наем (аренду), в случае принятия наймодателем иного решения по юридической судьбе объекта или несоответствие объекта, указанного в заявлении, требованиям пункта 7 настоящих Правил.
6. Договор с нанимателем заключается в электронном формате на веб-портале реестра и подписывается наймодателем и нанимателем с использованием ЭЦП в течение пяти рабочих дней со дня принятия решения о сдаче в имущественный наем (аренду) и регистрируется на веб-портале реестра с указанием идентификатора договора.
Ұлттық валюта – Тәуелсіздік символы
Қазақстанның 25-жылдығы – мемлекеттің кемел шағының жасы, бұл еліміздің үлкен және маңызды жеңістерінің тарихы.
Өткен жылдар еліміз үшін ерекше болды: егеменді мемлекеттілігіміздің, ішкі және сыртқы саясаттың қалыптасуы, өз Конституциямызды және заңнамалық актілерді қабылдау, өз мемлекеттік валютамызды енгізу, еліміздің даму бағытын белгілеу сияқты ұлы істер атқарылды.
Қазақстан өзінің дербес өмірінің ең алғашқы сәттерінен-ақ дамыған экономика құруға және көршілес елдермен достық қарым-қатынаста болуға бағыт алды.
90-жылдардың бастапқы шенінде банк жүйесін реформалау қажет болды. 1991 жылы елімізде нарықтық экономикаға тән екідеңгейлі банк жүйесі қалыптасты.
Осы сәттен бастап Ұлттық Банк ақша-несие саясатына және тұрақты отандық банк жүйесін қалыптастыру стратегиясына жауапты мемлекеттік органға айналды.
Үкімет пен Ұлттық Банкінің осы жылдары жүргізген шараларының барлығы да ақша-несие саласын түбегейлі реформалауына бағытталған еді.
Теңгені айналымға енгізген кезде Қазақстан экономикасы өте ауыр халде болатын. Бұл кезеңде Ұлттық Банк шындығында коммерциялық банктің қызметін жасаған-ды, ал бұл дегеніңіз орталық банктің статусына тура келмейтін еді. Үкіметтің шешімі бойынша Ұлттық Банкке мекемелерге тіке несие беруіне, сондай-ақ экономикаға несие беруіне тыйым салынды. Экономиканы несиелендіруді екінші дәрежедегі банктер еншісіне беріп, Ұлттық Банк бар күш-жігерін банктік қадағалауды қатар құра отырып инфляцияны төмендетуге және ұлттық валютаны тұрақтандыруға жұмсады. Осы кезеңде пруденциалды реттеудің нормативті базасы қалыптастырылды, екінші дәрежелі банктерге минималды резервті талаптар, жарғылық капиталдың минималды өлшемі, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициентінің тәуекелді активтеріне деген қатысы, өтімділік коэффициенті, бір қарыз алушыға деген тәуекелділіктің максималды мөлшері тағайындалды.
Ұлттық валютаны қолданысқа енгізгеннен соң еліміз өзінің тәуелсіздігінің іргетасын одан сайын нығайтты. Бұл ұлттық валютаны нығайту жолындағы және басқа да реформаларды өткізу барысында кездесуі ықтимал қиындықтарға қарамастан, Қазақстаннның экономикалық егемендігін жүзеге асыру үшін жарқын ынталандыру іспетті болды. Қазақстандық банк жүйесін құру, дербес ақша-несие және бюджеттік-салықтық саясатты жүргізу, экономиканы нығайту және еліміздің қарқынды дамуы көбіне-көп ұлттық валютаны қолданысқа енгізумен мүмкін болды.
Теңге – құны толымды ұлттық ақша бірлігі, ол өзінің негізгі міндеттерін ойдағыдай орындайды: құн өлшемі, төлем, жинақтау және айналым құралы.
Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасының өз символы бар – ол (〒). Бұл теңгенің графикалық бейнесі транскрпициясында «т» дыбысын беретін көнетүркі әліппесінің әрпі болып табылады, ал «т» әрпінен «теңге» сөзі басталады, сондай-ақ «т» әрпінен басталатын «тәңірі» сөзі бар. Бұл символ ақша бірлігінің тұрақтылығын, Қазақстан Республикасы ұлттық экономикасының жоғары мүмкіндігін, даму және өсу қарқынын білдіреді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі еліміздің экономикасына, ел азаматтары мен экономикалық субъектілерге зиянын тигізетін жалған ақша жасаушылықпен күресуге бағытталған шараларды үнемі жүргізіп келеді.
Теңге – әлемдегі ең қорғалған валюта болып табылады. Мұнда ең алдыңғы технологиялар қолданған. Жаңа банкноттардың дизайны мен қорғаныс белгілерінде банкнот басып шығару саласындағыхалықаралық тәжірибеде қолданыстағы ең жоғары, соңғы жетістіктер қолданылған, олар: бейнелердің бедерлілігі, бояулардың металлдай жалтырауы, цифрлардың әртүрлі биіктігі, өте күрделі су белгісі, қағаздың өте жоғары дәрежедегі қорғалуы, бет жағы мен теріс жағындағы аса күрделі түс реңдерінің ара байланысы.
Қазақстан Республикасында ақша айналымындағы банкноттар мен монеталармен қоса асыл (алтын, күміс) және асыл емес металлдардан жасалған өз номиналына сай төлем төлеуге қабілетті мерейтойлық және естелік монеталары айналымда бар, бірақ олардың негізгі мақсаты – мәдени-ағартушылық, олардың ішінде әлем мойындаған үлгілері де бар.
Қазақ монеталарының әлемдік каталогтарға енуі және олардың нумизматикалық құндылыққа айналуы біздерді өте қуантады, олар туралы небір әңгімелер мен аңыз-әпсаналар айтылып жүр. Ал кейбіреулері тек еліміздің аумағында ғана емес, әлемдік деңгейде нағыз сирек кездесетін құнды дүниеге айналды.
Теңге өз тарихында ұлттық валютаны айналымға енгізудің қажеттілігін дәлелдеп, ақша-несие саясатының Қазақстан халқының игілігіне жасалып жатқандығын және ел экономикасын нығайтуға бағытталғандығын көрсетті.
ҚР Ұлттық Банкінің Маңғыстау облыстық филиалы өз бастауын 1973 жылдан алады.
Мемлекеттік банк конторасы Маңғыстау аумағының дамуына, оның өндірісі, сауда-саттығы, ауыл шаруашылығы, қала мен өндірістік нысандардың құрылысының дамуына үлкен үлесін қосты. Республика аумағындағы ірі өндірістік нысандар болып келетін Каспий тау-кен комбинаты (Прикаспийский горнометаллургический комбинат), «Мангышлакнефть» өндірістік бірлестігі, Маңғышлақ энергокомбинаты (шапшаң нейтрондармен жұмыс жасайтын әлемдегі ең алғаш БН-350атом сутұшытқышы), Қазақ газ өңдеу зауыты, «Мангышлакрыбхолодфлот»мекемесі сияқты нысандарды несиеледі. 1990 жылдың желтоқсан айында, облысты қайта құрғаннн кейін тағы да КСРО Мемлекеттік банкінің Маңғыстау облыстық басқармасы құрылды. Бақарама басшылығына Сатқынова Фану Сатқынқызы тағайындалды. Кейін ол ҚР Ұлттық Банкі Маңғыстау филиалының директоры болып тағайындалды.
1993 жылдың қараша айында ұлттық валютамыз – теңгені айналымға енгізгенде ақша айырбастау жұмысын ҚР Ұлттық Банкі Маңғыстау филиалы және облыс аудандары мен қалаларындағы 5 есеп-кассалық орталықтары үйлестірген болатын. Сол жұмыстардың басы-қасында болғандар күні бүгінге дейін Маңғыстау филиалында жұмыс істейді.
Маңғыстауфилиалына Ұлттық Банктің мемлекеттің ақша-несие саясатын, валюталық реттеу мен валюталық бақылауды, тұрақты қаржылық жүйені қалыптастыруды қамтамасыз етуге, қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалаудыжүзеге асыруына, сондай-ақ қаржылық қызметтерді пайдаланушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті дәрежесін қамтамасыз етуге ықпал ету жүктелген.
Филиал өзіне жүктелген міндеттерге сай шаруашылық жүргізуші субъектілерді уақтылы және толықтай екінші дәрежедегі банктер арқылы қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету функцияларын атқарады.
Маңғыстау филиалы мемлекеттік емес сектордың басқа елдермен сыртқыэкономикалық ағынына бақылау жасау мақсатында төлем балансын қалыптастыру жұмыстарын жүргізеді. Филиал Ұлттық Банкінің қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту шараларына қатысады.
Тәуелсіздік жылдары банксекторы экономикамыздың түрлі кезеңдерінен өте білді, сөйтіп өзінің мықтылығын дәлелдеді.
Бүгінгі күндері облысымызда әрекет ететін: екінші дәрежедегі банкілердің 23 филиалы (облыс орталығында – 21 филиал), 82 қосымша ғимараттары, 96 ақша айырбастау пункті, олардың 88-і – банктер, уәкілетті ұйымдар – 6, «Казпочта» АҚ – 2 бар. Оған қоса аумағымызда 2 микроқаржылық ұйым бар.
Тәуелсіздік жылдарын адамның өсу, қалыптасу кезеңдерімен салыстыруға болар еді. Өткен жылдар мемлекеттің мықты негізін қалады.
Тәуелсіздіктің әрбір өткен жылымен біздер есейіп, кемелденіп, батыл да сенімді бола түсудеміз. Біздің тарихымыз әрқашан да жадымызда: бітірген шаруалар мен басымыздан өткергенді бағалай отырып, еліміздегі оң өзгерістер мен саяси тұрақтылықты көріп отырмыз.
Бүгіндері Қазақстан – әлемдік қауымдастықтың абыройлы мүшесі, экономикасы дамыған және шаруашылық әлеуеті жоғары заманауи демократиялық мемлекет. Әлем алдында қазіргі Қазақстан – бұл дегеніңіз ұлы халық хәм ұлы ел!
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздерге шынайы, адами бақыт, мықты денсаулық, бейбітшілік, түсіністік пен достық, әрбір отбасына байлық пен молшылық, ертеңгі күнге деген сенімділік, еліміздің өркендеуі жолында сәттіліктер тілеймін!
В. ЧЕУСОВ,
«ҚР Ұлттық Банкі» РМБ
Маңғыстау филиалының директоры
Қазынашылық – әрқашанда уақытпен бірге
1994 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жанынан Бас қазынашылық басқармасы құрылды. Бұл – бюджеттің орындалуы бойынша құрылған орган болатын. Оған бухгалтерлік есеп бойынша бюджеттік басқару, сондай-ақ қаржы жүйесі мен бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп әдістемесі функциялары берілді.
Ұлттық банктің есептеу-кассалық орталықтары бар аймақтарда қазынашылық жүйесін құрудың алғашқы сатысында аумақтық қазынашылық басқармалары құрылды. Олар бюджет қаражатының түсімдерін қадағалады және оларды мемлекеттік мекемелердің шотына аударатын. Аумақтық басқармалар заңды тұлғалар болды, олардың ҚР Ұлттық банкінің мекемелерінде дербес шығыстар сметалары, ағымдағы шоттары болды.
1995 жылы Қазынашылық халықаралық тәжірибеге сәйкес келетін Қазақстан Республикасының кірістері мен шығыстарының бюджеттік сыныптамасы әзірленді. Оған қоса қазынашылық жүйесінің функционалды бөлігі зерттеліп жатты.
Сол жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ұлттық банктің есептеу-кассалық орталықтары Қазынашылықтың басқаруына беріліп, соның базасында Бюджет банкі құрылды. Бұл, банк бөлімшелері мен облыстық қазынашылық басқармалары тығыз байланыста, бюджеттік ұйымдардың төлемдерін өңдеудің жаңа технологиясын меңгере отырып жұмыс істеуі үшін ауыспалы кезеңде құрылған банк.
1998 жылдың қаңтарында Бюджет банкі таратылып, бюджеттің кассалық атқарылу функциясы аумақтық қазынашылық органдарына өтті.
ҚР Үкіметінің 29.10.2004ж. №1129 қаулысымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы ереже бекітілді. Оған сәйкес, Комитетке ҚР Қаржы министрлігі орталық аппаратынан республикалық бюджетті қаржыландырудың жиынтық қаржы жоспарын қалыптастыру және ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетті қаржыландырудың нақтыланған жиынтық жоспарын енгізу; несие мен қаржылық мөлшердің бюджетке қайтарылымын беруде республикалық бюджетке назар аудару; үкіметтік және мемлекеттік кепілдік берген борыштық міндеттемелер мен талаптардың есебін және үкіметтік сыртқы қарыздар шоттарынан қаражатты алу жөніндегі операцияларды қамтамасыз ету; жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне түскен бағалы металдар мен асыл тастарды есепке алу және сақтау – мемлекеттік мекемелердің бюджет қаражатын игеру және шығыс есебінің мониторингі; Үкіметтік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды басқаруда республикалық бюджетке борыштанушыларды талаптармен бақылау сияқты жаңа міндеттер берілді.
Қазынашылық департаменті өз қызметінде мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер, жергілікті бюджеттерге түсімдерді бөлу нормативтерін жүргізу, қолма-қол ақшаны бөлу шоттарын, мемлекеттік мекемелердің шетел валютасындағы шоттары мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің (КСС) шоттарын жүргізу, аудару операцияларын, олардың есептерін жүргізу мәселелері бойынша жергілікті атқарушы және уәкілетті органдармен тығыз байланыста.
Департаменттің маңызды функцияларының бірі – төлемдерді өткізу кезінде ағымдағы бақылауды жүзеге асыру, яғни төлем шоттарының:
-төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына;
- тіркелген азаматтық-құқықтық мәмілелерге;
- бірыңғай бюджеттік сыныптамаға;
Қазақстан Республикасының бюжеттік заңнамасы талаптарына сәйкестігін тексеру болып табылады. Бұл мемлекеттік мекемелер мен КСС тарапынан Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің, басқа да нормативтік-құқықтық актілері талаптарының бұзылуының алдын алуға септігін тигізеді.
Бүгінгі күнде бүкіл аймақтың тіршілігі қазынашылық органының оперативтік жұмысына тәуелді. Қазақстанның экс-Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов, «қазынашылық – мемлекеттік қызметтің жүрегі мен күретамыры» деп бағалады.
Маңғыстау облыстық қазынашылық басқармасы, қазіргі Маңғыстау облысы бойынша қазынашылық департаменті 1995 жылғы 7 шілдеде ҚР Қаржы министрінің 07.02.1995ж. бұйрығымен штаттық саны 7 адам болып құрылды. Қазынашылық органының негізін салушы және тұңғыш басшысы, қаржы саласында 33 жыл еңбек еткен Амангелді Ахабаұлы Құдайберген болды.
2006 жылдан бастап Департаментті тәжірибелі қаржыгер Қаншайым Жүсіпқызы Кигликова басқарып келеді.
Қазынашылық органының кадрлық құрамын қалыптастыру принциптерінің бірі жас және тәжірибелі мамандарды үйлестіру болып табылады. Бүгінде Департаменттің штаттық саны 111 бірлікті құрайды. Қызметкерлердің 93 пайызы жоғары білімді, орташа жас – 37 жыл және қызметкерлердің жалпы санының 95 пайызы – әйелдер. Олардың ішінде 1995-1998 жылдардан бері істеп келе жатқан Ж.Бердиева, М.Өтенова, М.Сардарбек, К.Қуандыкова, С.Омарова, Г.Мұратова, М.Досқалиева, Б.Жайлиева, С.Борамбаева тәріздітәжірибелі қаржыгерлер жетерлік. Сонымен қатар, қаржы жүйесінің ардагерлерін де атай кеткен жөн, олар - Ж.Кұдабаева, Н.Жандулова, З.Оңдасынова.
Департаментте Ардагерлер кеңесі жұмыс істейді, оған зейнет жасына жеткен департаменттің бұрынғы қызметкерлерінің бәрі кіреді. Олар қызметтік этика нормалары мен заңдардың сақталуы бойынша өздерінің бай кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, қызметте практикалық, кеңестік және әдістемелік көмектерін көрсетеді. Ардагерлер кеңесінің мүшелері департаментте өтетін барлық шараларға үзбей қатысады.
Департаменттің Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған аудандық және Жаңаөзен қалалық қазынашылық басқармалары сынды өз аумақтық бөлімшелері бар. Басқарма басшылары К.Қуандыкова, С.Омарова, А.Сахарбаев, Б.Жайлиева, С.Борамбаева, Г.Тілегенова – мол жұмыс тәжірибелері бар қаржыгерлер.
Қазіргі таңда Маңғыстау облысының барлық мемлекеттік мекемелері (ерекше жұмыс тәртібіндегі мекемелерді қоспағанда), республикада алғашқылардың бірі болып «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесіне 100 пайыз қосылған. Бұл ақпараттық жүйе ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті мен аумақтық қазынашылық бөлімшелерінің мемлекеттік мекемелермен электрондық құжат айналымы жүйесі болып табылады және онда бюджет қаражатының нақты уақыттағы режимдегі аударулары тіркеледі, олардың мақсатты жұмсалуы қадағаланады. Жүйенің мақсаты –мемлекеттік бюджетті атқару және оған қызмет көрсету процесін жеделдету жолыменқазынашылықтың мемлекеттік органдармен өзара байланысының тиімділігін арттыру. Осы жүйенің көмегімен мемлекеттік мекемелер онлайн режіимінде өз шоттарын басқара алады, шоттардың жағдайы, ондағы қалдық ақша, төлемдердің жағдайы туралы ақпаратқа ие болады. Электрондық құжат айналымына көшуге байланысты, қазынашылық органына қаржылық құжаттарды жеткізу, оларды өңдеу, төлемдерді өткізу уақыты, қағаз, автокөлік шығындары қысқарды, мемлекеттік мекемелердің өздері өткізген қаржылық операциялар бойынша көшірмелер, есептілік нысандарын қалыптастыру мүмкіндігі пайда болды. Қаржылық құжаттарды мемлекеттік тілде қалыптастыруға да болады, бұл іс жүргізуді мемлекеттік тілде жүргізетін мемлекеттік мекемелер үшін маңызды.
Электрондық түрде төлемдер мен аударымдарды өткізу кезіндегі ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған негізгі шаралар кешеніне ақпаратты қорғау жатады. Төлем жүйесінде байланыс каналдары бойынша берілетін ақпараттық қорғаудың ең сенімді құралдарының бірі – криптографиялық қорғау тәсілі, мұнда оған баратын жол емес, ақпараттың өзі қорғалады.
2016 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазынашылық департаменті мен оның аумақтық қазынашылық бөлімшелері барлығы 526 мекемеге, соның ішінде – 515 мемлекеттік мекемеге (83 республикалық, 432 жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер) және 11 квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қазынашылық қызмет көрсетеді.
Сондай-ақ, департаментте мемлекеттік бюджеттерді атқару бойынша бюджеттік процесс сапасын арттыру мақсатында ай сайын мемлекеттік мекемелердің қаржы қызметі қызметкерлерімен кеңес беру- оқыту семинарлары өткізіліп тұрады.
Департаменттің және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметіне тоқсан сайынғы рейтинг жүргізіледі және біздің орган бірнеше жылдар бойы алғашқы орындарда. Сонымен қатар, мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің атқаратын лауазымдарына сәйкестігін, олардың жұмыс сапасы мен тиімділігін анықтау мақсатында олардың қызметін бағалау жүргізіліп келеді.
Жалақыларының айтқандай жоғары болмауына қарамастан, қызметкерлер өз кәсіптеріне адал, облыстың барлық мемлекеттік мекемелеріне уақтылы қызмет көрсетіп келеді, мекемелердің уақтылы жалақыларын алуы, зейнетақы төлемдерінің дер кезінде кетуі, т.б. жұмыстардың уақтылы орындалуы өз жұмыстарына байланысты екенін сезінеді.
Аз ғана уақыттың ішінде еліміздің мемлекеттік бюджеттің атқарылу деңгейін сапалы деңгейге көтеруге, бюджет қаражаты қозғалысының ашықтығына қол жеткізгенін атай кеткен жөн. Бұл жерде қазынашылардың да айтарлықтай еңбектерінің бар екендігі сөзсіз.
Қазіргі күнде қазынашылық органдары алдында Елбасы Жолдауын іске асыру, бюджет заңнамасының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету, ақпараттық қауіпсіздік пен басқа да ақпараттық жүйелермен интеграция, сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылығының алдын алу және электрондық шот-фактураларды енгізу бойынша қазынашылықтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін ары қарай жетілдіру бойынша міндеттер тұр.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 20.06.2016ж. №П/Р-342 тапсырмасын орындау мақсатында, «Электрондық мемлекеттік сатып алулар» ААЖ мен «Қазынашылық-клиент»АЖ электрондық шарттар мен қосымша келісімдер деректерін беруге қатысты өндірістік базаға интеграция жасау жүргізілді.
Бұл интеграция мемлекеттік сатып алу порталында шарт жасалғаннан кейін қазынашылық жүйесінде азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге өтінімді автоматты түрде жасауға және шарттар мен келісім-шарттарды тіркеуді алып тастауға мүмкіндік берді.
Қазынашылық органдарына мемлекеттік ресурстарды пайдалануды бақылау бойынша қаржылық қалқан ретінде ерекше функция берілген, әрқайсымыз өз еңбегімізбен ел бюджетінің сенімділігін және оны тиімді пайдалануды қамтамасыз етіп отырмыз.
Құрметті әріптестер!
Биыл еліміздің ең басты мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнін атап өтпекпіз. Бүгінде бізөз тарихи миссиямызды орындаудамыз –тәуелсіз, өркендеген, саяси тұрақты Қазақстанды құру үстіндеміз. 25 жылдың ішінде қуатты мемлекет, жаға экономика және жаңа біртұтас қоғам құрылды. Сондай-ақ, Қазақстанныі қаржы жүйесіне 95 жыл толып отыр. Бәрімізге де айрықша мәнді осы кәсіби мерекеде, өз күш-жігерлеріңіз бен білімдеріңізді қанша жылдар бойы беріп келе жатқан іске деген мақтаныш сезімі жүректеріңізге нұр берсін!
Маңғыстау ауданы
Қаржы жүйесінің қара шаңырағы
Түбегіміздің ең байырғы қаржы қызметінің қара шаңырағы – Маңғыстау аудандық қаржы бөлімі болып есептеледі. Маңғыстау аудандық қаржы бөлімі Қазақ ССР Орталық атқару Комитетінің және Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының қаулысымен 1939 жылдың 1 қарашасында құрылған болатын.
Алғашқы қаржы бөлімінің басшысы Қарабасов Құспан деген азамат болды. Ол екі жылдан соң аудандық Кеңес атқару Комитетінің төрағасына дейін көтерілді. Бұдан соң аудандық қаржы бөлімін Адайбеков Нығмет, К.Сарғожаев, С.Нұрбатыров, Ж.Айдаров, Б.Жұмалиев, С.Жұбаев, С.Ерғалиев, А. Сарбалаев басқарып келді, қазіргі таңда Р.Шабикова басқарып отыр.
Қандай қоғамда болмасын, дамыған елдердің тарихына көз жүгіртер болсақ, мемлекеттің барлық саласы бойынша бәрінде де куш-қуаты мен әл-қуаты жиған-терген қазынасына қарай бағаланғанын аңғарамыз. Ол мемлекеттің мәртебесін айқындап, айбынын асыратын бірден-бір тұтқа ретінде қашанда айрықша бағаланған. Елдің ырысы мен байлығы болып есептелетін қазынаның кілті сенімді, арлы да таза қолға тапсыру ежелден жалғасып келе жатқан игілікті дәстүр. Бүгінгі біздің егеменді еліміздің еңсесін көтеріп, өзге елдермен шығын теңестіретін де сол қазынамыз, соның рәмізі – төл теңгеміз екені даусыз. Өзге де елдік белгілерімен қатар өз ақшасы болу – бұл тәуелсіздіктің басты нышандарының бірі.
Бар байлығымызды жинақтайтын тайқазан, әр жылдың бас қаржылық құжаты – мемлекеттік бюджетті жасаудан бастап, бүкіл еліміздің күнделікті тыныс-тіршілігін, оның сырт дүниемен сан қырлы байланысын қамтамасыз ететін, қажеттілігінің бәрін есепшотқа қағып, кіріс-шығысын түгендеп, тап- тұйнақтай ұстап отыру – оңай шаруа емес. Осынау артар жүгі ауыр, күрделі іспен ауданымыздың қаржы саласының қызметкерлері айналысады. Олар өздерінің көлденең көзге байқала бермейтін тынымсыз да тиянақты еңбегімен аудан экономикасының ырғақты тынысын, қаржы жүйесі қан тамырларының толассыз соғысын қамтамасыз етіп отыр десек, бұл олардың қажырлы қызметіне берілген лайықты бағасы болатыны анық.
Біздің ауданымыздың тарихында да қаржылық есеп жұмысының өз жолы, өз сүрлеуі бар. Өмір бойы есеп қызметімен көз майын тауысқан, есеп шотын сартылдатып өткен тарландарымыз да аз болған жоқ. Ұлы Отан соғысы жылдарында аудандық қаржы бөлімі саласында еңбек етіп жүрген 46 адам Отан қорғауға аттанған екен. Олардың 20-сы ерлікпен қаза тапқан. Аман қалғандары елге келіп бұрынғы қызметтеріне қайта кірісіп, халық шаруашылығын қалпына келтіруге өзіндік үлесін қосқан. Олар – Б.Ахметов, А.Сәркенов, Е.Қазиев, Қ.Шабиков, Б.Махмутов, М.Иманов, олардың абыройлы қызметтер атқарғанын айта кетпесек болмас. Солардың біразынан тәлім-тәрбие алған К.Әбуов, О.Сүгірәлиев, М.Сәрсенғалиев, Ә.Қиынов, Ж.Күйкішов,Т.Қабылова қаржы, есеп жүйесі саласында жауапты қызметтер атқарды. Қазіргі таңда қаржы саласы жаңа экономикалық реформаларға байланысты күрделене түсті. Бұл салада Елбасының жарлықтары шықты, алдағы міндеттер нақтыланды. Талап пен жауапкершілігі күшейіп отыр. Сала бойынша бақылау басшылық жүйесі қалыптаса түсуде. Жаңа талаптар деңгейінде қызмет жасап отырған ауданымыздың экономика және қаржы бөлімі ұжымы да, алдынғы буын қаржыгерлер Б.Жұмалиева, Г.Беккалиева, Ә. Ұзакбай, А.Ізғалиева, жас буын қызметкерлер М.Аюпова, К.Есқазина, А.Қызылғұлов, Р.Сарқұловалар барлық уақыттарда абыройлы қызметтер атқарып келеді. Басты мақсат – қаржы заңдылықтарын мінсіз жүзеге асыру.
Қаржы саласының 95 жылдық мерекесі қарсаңында аудан бюджетінін соңғы он жылдағы өсімін айтпай кетпеуге болмас. 2006 жылы Маңғыстау ауданының бюджеті 945 599 мың теңге болса, 2016 жылы 8 424 157 мың теңгеге жетіп, он есеге өскен. Аудан бюджетінің 80 пайызы жергілікті бюджет есебінен, яғни өз кірістеріміз.
Құрметті әріптестер!
Баршаңызды қаржы жүйесінің 95 жылдығымен құттықтаймын!
Қазақстан егемендігі жолында кәсіби қызметтеріңізге келешекті табыстар мен жоғары жетістіктерге жетуге тілектеспін!
Р.ШАБИКОВА,
Маңғыстау аудандық экономика
және қаржы бөлімі басшысы
Бейнеу ауданы
Берекелі Бейнеуде игілікті істер көп
Бейнеу ауданы – Маңғыстау облысындағы ең ірі, әрі облыс орталығынан шалғай жатқан бірден бір аудан болып саналады. Аудан тарихы туралы сөз қозғасақ, ол облыспен бірге 1973 жылы құрылғанын тілге тиек етеміз.
Айта кетсек, аудан аумағының жалпы көлемі 4051,9 мың гектар, облыс орталығынан қашықтығы 503 шақырым. Облыс орталығымен және басқа да елді мекендермен темір жол және автомобиль жолы қатынастарымен байланыстар орнатылған. Тәуелсіздік алған жылдарда аудан халқының саны 24,4 мың болса, ол еселеп өсіп, қазір 65,7 мыңға жетті. Табиғи өсімге қоса басқа республикалардан көшіп келушілердің қатары толастамады. Осылайша Бейнеуге жыл сайын жаңадан бір ауылдың халқы қосылып отырды. Осыншама тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін шешуде, атап айтқанда аурухана, емхана, мектеп, балабақша, тағы басқа қажетті қызмет көрсету ғимараттарын салу үшін қаржы саласының қызметкерлеріне де үлкен міндеттер жүктеліп, біраз шаруа атқарылғаны рас. Бұл орайда іс нәтижелі, игіліктер баянды болды деп әбден айта аламыз. Шындығында Бейнеу ауданы тәуелсіздік таңымен бірге ажарын ашты, іргесі кеңейіп, халқы көбейді, құт берекесі арта түсті. Ширек ғасыр ішінде тек аудан орталығы емес, шалғайдағы ауыл тұрғындарының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы ерекше жақсарды.
Қазіргі таңда аудандық бюджет есебінен 56 мемлекеттік мекеме және 17 кәсіпорын қаржыландырылады. Жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын мекемелер мен кәсіпорындарда және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органда барлығы 113 қаржы маманы қызмет етеді. Бұл аудандағы жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын ұйымдардағы қызметшілердің 2,2 пайызы. Тәуелсіздік алып, ұлттық валютамыз айналымға енген уақыттан кейін шығындар бөлігі 43,6 млн. теңге көлемінде қалыптасқан бюджет, жаңа мыңжылдық басында 605,4 млн.теңгеге жетті. Ал 2004 жылы аудандық бюджеттің шығындар бөлігі тұңғыш рет миллиардтық межеге жетіп, жылды 1023,7 млн.теңге көлемінде аяқтады. Тәуелсіздігіміздің соңғы 18 жылында аудандық бюджеттің тек қана өсу динамикасымен қалыптасып отырғанын байқауға болады. Соңғы он жыл ішінде аудандық бюджеттің шығындар бөлігі 7,8 есеге немесе 8062,1 млн.теңгеге өсті. Ауданымыздың қаржы саласында Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында Ерғалиев Жәумітбай, 1998-2000 жылдар аралығында Ерғалиев Сәбит Жәумітбайұлы және 2000 жылдан 2014 жылға дейін Нысанбаев Мақсат Өтепбергенұлы сынды азаматтар басшылық жасап, жемісті еңбек етті.
Тәуелсіздік жылдарында атқарылған ең ауқымды жұмыстардың бір парасы ауданның білім саласында жүзеге асты.
Бүгінгі таңда ауданның білім беру саласындағы 26 мектептің 11-і тәуелсіздік жылдарында салынған. Әр мектептің жаныныда спорт залдар салынып, пайдалануға берілді. Кейінгі жылдарда осы мектептердің жанынан қосымша құрылыстар мен бөбекжайлар ашылып, базалық қажеттіліктері толықтай қамтылған. Оларда бүгінгі таңда бүлдіршіндер тәрбиеленуде. Жыл сайын оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру да назардан тыс қалған жоқ. Әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардың оқушы балаларын ыстық тамақпен қамту, 1-сынып оқушыларына мектеп формасын сатып алуға бюджеттен қаржы бөлініп келеді. Сондай-ақ тұрғындардың денсаулығын нығайту бағытында Боранқұл ауруханасы мен емханасы, Есет ауылында фельдшерлік-акушерлік пункті, Атамекен ауылдық амбулаториясы салынып пайдалануға берілді. Аудандық орталық ауруханада диагностикалық орталық, жансақтау бөлімі ашылып, эндоскопиялық қондырғы орнатылды. Бұл аудан тұрғындарының обылыс орталығына бармай-ақ сырқаттарын осында анықтап, ем алуына мүмкіндік туғызды.
Мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық орындарға қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында аудандық спорт мектебіне, теміржол вокзалына, кіріс басқармасының ғимаратына, Бейнеу, Ақжігіт ауыл әкімдіктерінің, Боранқұл, Сарға, Ақжігіт мәдениет үйлерінің, Боранқұл аудандық ауруханасының ғимараттарына қайта жарақтандыру жұмыстары жүргізілді.
Ата Заңымыздың зайырын, Елбасының саясатын берік ұстанған берекелі Бейнеуде тізе берсек тілге тиек етер игі істер көп.
Биыл еліміз үшін ерекше мерекелі жыл. Атажұртында армансыз күн кешкен халқымыз ел тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеді. Осы айтулы тарихи мерекені Қазақстанның бір түкпіріндегі Бейнеу ауданы жақсы тұрмыс тіршілігімен, айшықты ажарымен қарсы алуда.
Бұл игі істердің барлығы облысымызда қала берді ауданымызда қаржы саясатының дұрыс жүргізілуінен әрі қаржы саласының оң жолға қойылуынан деп білеміз.
Б.Әзірханов
Бейнеу аудандық экономика және
қаржы бөлімінің басшысы
Еліміздің тәуелсіздік алған 25 жылының бойында салық жүйесі республикамыздағы саяси және экономикалық өзгерістерге сай, салық салу жүйесімен байланысты мәселелердің ауқымына қарай өзгеріп, реформаланып отырды.
1991 жылға дейін, ел экономикасы дамуын басқарудағы әкімшіл-әміршіл жүйе жағдайында салықтар бөлу-қазынашылық функциясын атқарған болатын. Ол өндірістің тиімді дамуын, жаңа технологияларды енгізуді, тауар өнімдерін көбейтуді ынталандырмады. Шын мәнінде белгілі бір көлемде және реттелген бағасында салынған салықтар бюджетке автоматты түрде, салық төлеушінің тиімділік дәрежесі ескерілмей өткізілетін.
1991 жылы салық органдарына тәуелсіз мемлекеттік басқарма статусын берумен салық құрылымын құрудың жалпы принциптері, салық өндірудің, жинаулар мен төлемдердің сәйкес бюджеттерге төленуі анықталып, белгіленді. Салық төлеушілердің бюджетпен салықтарды дер кезінде және толығымен есептесуі барысындағы құқықтары, міндеттері мен жауапкершіліктері анықталды. Салықтардың жаңа түрлерін енгізу механизмі, мөлшерлемелердің көлемі, сонлай-ақ салықтық жеңілдіктер заңдастырылды.
25 жылда тек салық салу жүйесі ғана емес, сондай-ақ республикамыздың салық қызметінің өзі де бірнеше рет құрылымдық реформалаудан өтті.
1990 жылға дейін Қазақстан Республикасының салық салу мәселелеріне байланысты өз заңнамалық актілері болған жоқ-тын, жалпы салық саясаты республикадан тыс жерде қалыптасқан еді. Әрине, бұл егеменді дербес мемлекет үшін болмайтын жағдай еді.
Сөйтіп, 1991 жылдың 24 желтоқсан күні елімізде «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңы қабылданды. Заңда 16 жалпымемлекеттік, 10 жалпыміндетті және 17 жергілікті салықтар қарастырылған болатын, бұл заң мемлекет экономикасын реформалау бағытындағы алғашқы қадамдардың бірі еді.
Салық органдарын құрудың басында болған, салық жүйесінің дамуына үлкен үлес қосып, аянбай еңбек еткен, өз тәжірибелерін жас мамандарға үйреткен еңбек ардагерлерін айтпай кетпеуге болмайды, олар – Тұрғамбаева Ж.Ж., Ли Л.А., Коломейцева Л.П., Бақалбаева Г.С., Пан Т.Д., Әленов С.С., Албытов Ж., Байбектиева К.Ж., Сисенғалиева Н.О.
2008 жылғы Салық кодексі қолданыстағы салық заңнамасы негізінде Қазақстанның сол кезеңдегі даму кезеңінің әрекеттегі жағдайына мұқият ревизия жасауымен және де Елбасының анықтап берген стратегиялық бағыттары шеңберінде дәлме-дәл жасалды. Қазіргі таңдағы даму шарттары салық органдарының көрсететін қызмет түрлерінің сапасы мен түрлерін жақсартуды талап етеді, бұл – салық органдарының бүгінгі күнгі стратегиялық мақсаты. Соңғы 4 жыл бойына бұл бағытты бағалау турасында «САНДЖ» тәуелсіз зерттеу орталығының бағасы пайдаланылады.
Қызмет көрсетудің келесідей параметрлері бойынша оң серпін байқалады: ақпараттың уақыттылылығы және мазмұндылығы, қызметкерлерге қанағаттанушылық. Күннен-күнге салық төлеушілердің салық органдарына деген сенімі артып, жергілікті салық органдары мамандары туралы пікірі жақсарып келеді.
Электронды қызметті дамыту бағытында салық төлеушілерге ыңғайлы болу үшін Салық комитеті сайтында «Салық төлеушінің кабинеті» Web-қосымшасы жүзеге асқан, ол салық төлеушіге келесідей мүмкіндіктерді ұсынады:
2014 жылдың 6 тамызында Елбасы Үкіметтің жаңа құрылымы туралы шешім қабылдады, бұл реформаның мақсаты – уәкілеттіктердің қосарланушылығын болдырмау еді. Бұрын өз алдына дербес ведомстволарды – салық комитетін, кедендік бақылау комитетін және қаржы полициясын (экономикалық қылмыстарды тергеу бойынша)қосу туралы жарлық шықты.
Осы 3 ведомствоны қайта құру негізінде біртұтас мекеме – Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаменті құрылды. Оны қазіргі таңда Тілегенов А.Б. басқарып отыр, орынбасарлары – Тасмағанбетов Қ.Н., Қаспақов М.К.
Үш комитеттің симбиозы Мемлекеттік кірістер комитеті деп аталады. Жаңа ұйым Қаржы министрілігінің құрамына енді, оның аумақтық бөлімшесі – Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаменті.
Департаменттің міндеттеріне: салықтардың, басқа да бюджетке міндетті төлемдердің уақтылы түсуін, мемлекетіміздің экономикалық қауіпсіздігін, кәсіпкерлік субъектілерінің заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету, экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды анықтау және тергеу, көлеңкелі экономикаға қарсы әрекет ету жатады.
Мемлекеттік кірістер комитеті құрылымы үш сатылы: Орталық – Облыс – Аудан,тек жаңа функционалды міндеттермен. Аудандық деңгейдегі бөлімшелерден бақылау функциялары алынып тасталды, оларда тек қана салық төлеушілерге сервистік қызмет көрсету қалды. Қосалқы бөлімшелер оңтайландырылды, қосарланушыбизнес-процестер шығарып тасталды, персоналдың саны қысқартылды.
Жаңадан құрылған ведомство реформаларды тәуелсіз сараптау мен салық төлеушілермен сындарлы диалог құруға мүдделі. Бизнеспен ынтымақтастық – бұл үрдістер мен сұраныстарды біліп отыру, күрделі сұрақтарды анықтап, оларды жұмыс бабында пайдалануға бағыттау, сондай-ақ бұл қабылдайтын шешімдердің тиімділігі мен уақыттылылығын бағалауға мүмкіндік беретін актуалды мағлұматтардың түпдерегі. Бұл бағытта біздер шетел компанияларының, бизнес-ортаның, түрлі қоғамдық ұйымдардың және Қазақстан азаматтарының белсенді де конструктивті қатысуын күтеміз.
Салық қызметінің құрылған күнінен бастап жасаған жұмысын қорытындылай келе, біздің мемлекетіміздің салық жүйесін реформалау процессі салық заңнамасын жетілдіруге, мемлекет пен салық төлеушінің арасындағы қарым-қатынасты үйлестіруге бағытталғандығын атап айтқымыз келеді.