Астанада жүзеге асырылып жатқан JOLTAP жобасы елорда тұрғындарына жаңа мамандықтарды игеруге, білімдерін жетілдіруге және табыстарын арттыруға ерекше көмектеседі. Жоба түлегі Ақбаян Болат JOLTAP оның хоббиін тұрақты табысқа айналдыруға қалай көмектескенін айтып берді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Ақбаян өз мамандығы бойынша 10 жылдан астам еңбек етті. Бірақ үш декреттік демалыс пен ұзақ үзілістен кейін ол кәсіпке қайта орала алмады. Осы жылдар ішінде – 12 жылдан астам – ол тігіншілікпен айналысып, бірте-бірте хоббиін кәсіби қызметке айналдырды.
«Мен хобби ретінде тігін тігумен айналыстым және арасында шағын тапсырыстар алып тұрдым. Уақыт өте келе бұл салада дамығым келетінін түсіндім, сондықтан тігінші, сәнгер мамандығын меңгеруді жөн көрдім», – дейді Ақбаян.
Ол JOLTAP жобасы туралы SMM оқып жүрген көршісінен білген. Осыдан кейін Ақбаян «Баршаға Мүмкіндік» модульдік пунктіне барып, тігін және киім дизайны курстарына жазылды.
«Бұған дейін онлайн шеберлік сабақтарына қатысқанмын. Тікелей жаттығудың пайдалырақ екендігі дәлелденді. Мұғалімдерге сұрақ қою маңызды, олар өз кезегінде материалды барынша жақсы меңгеруіміз үшін бәрін жасайды», - дейді астаналық.
Ақбаян оқытушылардың жоғары кәсібилігін және оқудың ыңғайлы форматын атап өтті.
«Тіпті курстар аяқталғаннан кейін де мұғалімдер бізге көмектесуді тоқтатқан жоқ. Сабақта біз қажетті, нақты білім алдық. Екі сағаттық сабақ әп-сәтте зымырап өтіп, екі апталық жаттығу керемет қарқынды болып шықты. Бірде-бір сабақтан қалмадым, әйтпесе барлық материалды меңгеру қиынға соғатын еді. Бар назарым оқуға бөлінді», - деп есіне алды ол.
Оқуын бітіргеннен кейін Ақбаян тігін өндірісінде белсенді жұмыс істей бастады, барған сайын үлкен тапсырыстар қабылдайтын болды. Қазір түрлі көйлектердің дизайнын жасап, үйден тапсырыс қабылдайды. Жақында керекті техникаларымды толықтай жаңарттым: тұрмыстық машиналарды өнеркәсіптік машиналарға ауыстырдым, бұл көтерме тапсырыстарды орындауға мүмкіндік берді.
Қазір ол өзінің жеке студиясын ашуды жоспарлап отыр.
«Курстар маған күшті серпін берді. Бар болғаны 15 күн ішінде болашағымды түбегейлі өзгерткен білім алдым. Бұл жоба тек Астанада ғана емес, бүкіл Қазақстанда дамиды деп сенемін», - деді Ақбаян.