Астанада екінші ауысымдағы оқушылар мен колледждің 1-2 курс студенттері онлайн форматқа ауыстырылды

Астанада екінші ауысымдағы оқушылар мен колледждің 1-2 курс студенттері онлайн форматқа ауыстырылды

Астанада ауа райына байланысты мектеп оқушылар мен колледждің 1-2 курстың студенттері онлайн форматқа көшірілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«2025 жылғы 23 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-11 (12)сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», - делінген Білім басқармасының хабарламасында.