Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Баспасөз ақпараты
Агенттік туралы
Қызметі
Қаржы нарықтары
Онлайн қабылдау
Сақтандыру секторы
Өзге қаржы ұйымдары
Бағалы қағаздар нарығы және зейнетақы активтерін басқару
Все материалы
Банк секторы
05 сентября 2025
Қазақстан банк секторының 2025 жылғы 1 тамыздағы жай-күйі туралы

2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторында 22 екінші деңгейдегі банк бар, оның ішінде 14 банк шетелдік қатысумен, оның ішінде 10 еншілес банк.

2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша банк секторының активтері негізінен несие портфельдің 39,8 трлн теңгеге дейін 1,9%-ға өсуі есебінен ағымдағы жылғы шілдеде 0,4%-ға ұлғайып, 256 млрд теңгені құрады (2025 жылдың басынан 5,7%-ға немесе 3,5 трлн теңгеге өсу).

Екінші деңгейдегі банктердің өтімділігі жоғары активтері 19,1 трлн теңгені немесе активтердің 29,4%-ын құрады, бұл банктерге өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Екінші деңгейдегі банктердің экономикаға берген кредиттері 2025 жылғы шілдеде 2,2%-ға 37,1 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2025 жылдың басынан 10,0%-ға өсу). Бұл ретте, ұлттық валютада берілген кредиттер 1,7%-ға 34,0 трлн теңгеге дейін, АҚШ долларының теңгеге қатысты 4,1% нығаюы аясында оң қайта бағалау нәтижесінде шетел валютасында 8,4%-ға 3,2 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Нәтижесінде теңгемен кредиттердің үлес салмағы 2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 91,5%-ды құрады (01.01.2025 ж. – 91,2%).  

Бизнес субъектілеріне берілген кредиттер 2025 жылғы шілдеде негізінен инвестицияларға және бағалы қағаздар сатып алуға берілген қарыздардың 4,2%-ға 3,6 трлн теңгеге өсуі есебінен 14,1 трлн теңгеге дейін 2,7%-ға ұлғайды (2025 жылдың басынан 8,0%-ға өсу). Оның ішінде, ірі бизнеске берілген қарыздар 2,4%-ға 5,2 трлн теңгеге дейін, ШОБ субъектілеріне қарыздар - 2,9%-ға 6,2 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Дара кәсіпкерлерге берілген кредиттер бір айда 3,0%-ға 2,7 трлн теңгеге дейін  ұлғайды (2025 жылдың басынан 19,6%-ға өсу).

Салалар бөлінісінде ағымдағы 2025 жылғы 7 айда кредиттердің өсуі барлық салаларда дерлік: өнеркәсіп – 4,6 трлн теңгеге дейін 5,8% ға, сауда – 3,8 трлн теңгеге дейін 8,5%-ға, ауыл шаруашылығы - 501 млрд теңгеге дейін 4,1%-ға, құрылыс – 748 млрд теңгеге дейін 10,2%-ға, көлік – 1,0 трлн теңгеге дейін 14,2%-ға және ақпарат және байланыс салаларында – 190 млрд теңгеге дейін 23,9%-ға байқалады.

2025 жылғы шілдеде  бизнес субъектілеріне 1,7 трлн теңге сомаға жаңа қарыздар берілді. Бұл ретте, 2025 жылғы 7 айда бұл көрсеткіш 10,5 трлн теңгені құрады, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 8,5%-ға көп.

Бизнес субъектілеріне ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 2025 жылғы шілденің қорытындысы бойынша 21,8%-ды құрады. Ірі бизнеске теңгемен кредиттері бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 18,9%-ды, ШОБ субъектілеріне – 19,3%-ды, ДК – 31,5%-ды құрады.

Халыққа берілген кредиттер бір айда 1,9%-ға ұлғайып, 23,0 трлн теңге құрады (2025 жылдың басынан 11,2%-ға өсу). Халыққа берілетін кредиттер құрылымында кепілсіз тұтынушылық қарыздардың өсуі есебінен (2025 жылдың басынан бастап 13,8% - ға өсу) тұтынушылық қарыздар 2,2%-ға 15,7 трлн теңгеге дейін өсті.

Ипотекалық кредиттер  нарықтық ипотекалық портфельдің 1,9% - ға 2,0 трлн теңгеге дейін ұлғаюына байланысты 1,5%-ға 6,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2025 жылдың басынан 6,3% - ға өсу).

2025 жылғы шілдеде жаңа ипотекалық қарыздар беру 214 млрд теңгені құрады. Бұл ретте 2025 жылдың 7 айында бұл көрсеткіш 1,2 трлн теңгені құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,5% - ға көп.

2025 жылғы шілдеде халыққа ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлеме 20,2%-ды құрады.

Несие портфелінің сапасы тұрақты болып қалып отыр. 2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша банк секторы бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар деңгейі (NPL90+) несие портфелінің 3,5%-ын немесе 1,4 трлн теңгені құрады, бұл бір ай бұрынғы 3,4% салыстырғанда шамалы өсті.

Бизнес кредиттерінде  NPL90 + қарыздардың үлесі 2,2%-ды немесе 351 млрд теңгені құрады (01.07.2025ж. – 2,2%). Сонымен қатар, ағымдағы жылғы шілде айында халыққа берілген кредиттер бойынша проблемалық берешектің өсуі байқалады, оның үлесі 4,3%-дан 4,5%-ға дейін 1 033 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

Жұмыс істемейтін қарыздарды провизиялармен өтеу жоғары деңгейде сақталып отыр және 64,9%-ды құрайды (01.01.2025ж. – 67,0%).

Банк секторының міндеттемелері 2025 жылғы шілдеде негізінен жеке тұлғалардың салымдарының 1,8%-ға 25,9 трлн теңгеге дейін өсуі және репо операцияларының 1,1%-ға 2,0 трлн теңгеге дейін өсуі нәтижесінде 0,2%-ға 55,6 трлн теңгеге дейін (2025 жылдың басынан бастап 5,6%-ға өсу) ұлғайды.

Депозиттік ұйымдардағы резиденттердің депозиттері 2025 жылғы шілдеде негізінен шетел валютасындағы депозиттердің 3,3%-ға 9,4 трлн теңгеге дейін өсуі нәтижесінде, оның ішінде теңгеге қатысты АҚШ долларының нығаюы аясында оң қайта бағалау нәтижесінде 0,5%-ға 42,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды. 

Ұлттық валютадағы депозиттер 0,3%-ға 33,0 трлн теңгеге дейін қысқарды. Нәтижесінде 2025 жылғы 1 тамыздағы долларландыру деңгейі 22,2%-ды құрады (01.07.2025ж. - 21,6%).

Заңды тұлғалардың депозиттері негізінен ұлттық валютадағы депозиттердің 3,0%-ға 13,5 трлн теңгеге дейін төмендеуі нәтижесінде 2025 жылғы шілдеде 0,8%-ға 18,5 трлн теңгеге дейін төмендеді. Ұлттық валютадағы депозиттердің 1,7%-ға 19,4 трлн теңгеге дейін ұлғаюына байланысты жеке тұлғалардың депозиттері 1,6%-ға 23,9 трлн теңгеге дейін өсті.

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 2025 жылғы шілдеде 15,5%-ды (01.01.2025ж. – 14,0%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 14,3%-ды (01.01.2025ж. – 13,2%) құрады.

Банктердің меншікті капиталы 2025 жылғы шілдеде негізінен ағымдағы жылдың бөлінбеген таза пайдасының ұлғаюы нәтижесінде 1,6%-ға 9,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2025 жылдың басынан бастап 6,8% өсті).  2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) 19,4%-ды (01.01.2025ж. – 20,4%), меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) - 20,8%-ды (01.01.2025ж. – 22,0%) құрады, бұл заңнамада белгіленген нормативтерден едәуір асып түседі және банк секторындағы әлеуетті тәуекелдерді өтеуді қамтамасыз етеді.

2025 жылғы қаңтар-шілдеде банктердің таза пайдасы 1 641 млрд теңгені құрады, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 18,2%-ға артық. Банк активтерінің рентабельділігі (RОА) 2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 5,0%-ды (01.07.2025ж. – 4,6%), капиталдың рентабельділігі (ROE) – 34,6%-ды (01.07.2025ж. – 31,7%) құрады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz 

Сақтандыру секторы
05 сентября 2025
Қазақстан сақтандыру секторының 2025 жылғы 1 тамыздағы жай-күйі туралы

2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру секторында 25 сақтандыру ұйымы бар, оның 10-ы – өмірді сақтандыру.

2025 жылғы шілденің қорытындысы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтері 3,5%-ға 3,6 трлн теңгеге ұлғайды (2025 жылдың басынан бері 14,4%-ға өсу), ол негізінен сақтандыру қызметінен түскен кірістердің өсуі нәтижесінде болды.

2025 жылғы 1 тамызда активтер құрылымында  ең көп үлес бағалы қағаздарға – 71,2% (2,5 трлн теңге), екінші деңгейдегі банктердегі ақшалай қаражат пен салымдарға – 7,6% (271 млрд теңге), сақтандыру дебиторлық берешекке – 4,8% (171 млрд теңге) тиесілі.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері дивиденттер бойынша акционерлер алдындағы міндеттемелердің өсуі нәтижесінде 2025 жылғы шілдеде 4,4%-ға 2,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2025 жылдың басынан бері 16,2%-ға өсу). 

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының меншікті капиталы есепті кезеңдегі бөлінбеген пайданың өсуі нәтижесінде 1,3%-ға немесе 13,2 млрд теңгеге 1,0 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2025 жылдың басынан бері 10,3%-ға өсу).

2025 жылғы шілдеде сақтандыру нарығы бойынша таза пайда 2025 жылғы шілдеде сақтандыру және инвестициялық қызметтен түсетін кірістер есебінен 45,9 млрд теңгені құрады (2025 жылдың басынан бастап – 155 млрд теңге).

2025 жылғы шілдеде жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 2,4 млн шартты құрады, бұл алдыңғы айымен салыстырғанда 6,5%-ға көп.  2025 жылдың басынан бері жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 15,2 млн шартты құрады, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 19,5%-ға артық. Негізгі өсім өмірді сақтандыру (2,3 млн шарт) бойынша шарттарға тиесілі.

2025 жылғы шілдеде сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары 163,9 млрд теңгені құрады. 2025 жылдың басынан бері сақтандыру сыйлықақылары 964,0 млрд теңгені құрады, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 17,0%-ға көп. Сақтандыру сыйлықақылары көлемінің ұлғаюы жасалатын сақтандыру шарттары санының өсу үрдісіне сәйкес келеді және елде, әсіресе ерікті түрлердегі сақтандыруға сұраныстың артқанын көрсетеді.

Сақтандыру сыйлықақыларының өсуінің негізгі драйвері ерікті жеке сақтандыру сыныбы болып табылады, олар бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2025 жылғы шілдеде 78,4 млрд теңгені, 2025 жылғы 7 ай ішінде 469 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 22,8%-ға көп. Өсу, негізінен, зейнетақы аннуитеттік сақтандыру (20,4%-ға 188,7 млрд теңгеге дейін) және өмірді сақтандыру (өсу 23,6%-ға 143,8 млрд теңгеге дейін) бойынша сыйлықақылардың ұлғаюына байланысты.

Ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары ағымдағы жылғы шілдеде 60,9 млрд теңгені құрады, ағымдағы жылдың басынан бастап 340,5 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 15,1%-ға көп. Өсу, негізінен, басқа қаржылық шығындардан сақтандыру бойынша жиналған сыйлықақылар сомасының 91,7%-ға және мүлікті зиянан сақтандыру бойынша 11,0%-ға ұлғаюымен  байланысты.

Міндетті сақтандыру бойынша 2025 жылғы шілдеде 24,6 млрд теңге, жыл басынан 154,6 млрд теңге сомаға сақтандыру сыйлықақылары жиналды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5,6%-ға көп. Ұлғаю, негізінен, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін  20,6%-ға 68,4 млрд теңгеге дейін міндетті сақтандыру  бойынша орын алды.

Сақтандыру төлемдері 2025 жылғы шілдеде 39,9 млрд теңгені (132,5 мың төлем бойынша) құрады. 2025 жылдың басынан бері сақтандыру төлемдері 245,0 млрд теңгені (909,1 мың төлем бойынша)  құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 39,2%-ға көп. Өсу, негізінен, 60,4%-ға 81,1 млрд теңгеге дейін мүлікті ерікті түрде сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерінің ұлғаюына байланысты.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz

Бағалы қағаздар нарығы және зейнетақы активтерін басқару
05 сентября 2025
Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының 2025 жылғы 1 тамыздағы жай-күйі туралы

Акциялар нарығын капиталдандыру негізінен KASE индексінің, «ҚазМұнайГаз» АҚ (+19,4%), «ForteBank» АҚ (+58,5%) және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (+7,8%) өкілдік тізіміне кіретін акциялар бағасының өсуі есебінен 2025 жылғы шілдеде 10,8%-ға немесе 3,7 трлн теңгеге ұлғайып,  2025 жылғы  1 тамыздағы жағдай бойынша 37,7 трлн теңгені құрады (2025 жылдың басынан бастап 14,5%-ға өсті).

KASE индексі 2025 жылғы шілдеде 6,6%-ға 6 413,66 тармаққа дейін ұлғайды (2025 жылдың басынан бастап 15,0%-ға өсті). 

Акциялармен сауда-саттық көлемі негізінен «ForteBank» АҚ және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акцияларымен сауда-саттық көлемінің өсуі есебінен бір айда 4,0%-ға ұлғайып, 2025 жылғы шілдеде 28,3 млрд теңгені құрады.

2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ (бұдан әрі – KASE) сауда тізімдерінде 77 эмитенттің 90 атауының  акциялары болды, оның ішінде 2 эмитенттің 2 атауының акциялары «Листингтік емес бағалы қағаздар» секторында айналысқа жіберілді.

«KASE Global» секторында 2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 47 атаудағы акциялары, 59 шетелдік эмитенттің 18 ETF болды. «KASE Global» секторындағы сауда-саттық көлемі негізінен ProShares Trust, Intel Corporation, Advanced Micro Devices, Inc., Tesla, Inc. акцияларымен сауда-саттық көлемінің өсуі есебінен бір айда 45,7%-ға немесе 4,3 млрд теңгеге ұлғайып, 2025 жылғы шілдеде 13,6 млрд теңгені құрады.

KASE-де саудаланатын корпоративтік борыштың көлемі 2025 жылғы шілдеде 1,9%-ға немесе 260,6 млрд теңгеге 14,0 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2025 жылдың басынан бастап 2,2%-ға өсті).

2025 жылғы шілдеде KASE-де корпоративтік облигациялармен сауда-саттық көлемі негізінен бастапқы нарықтағы сауда-саттық көлемінің азаюы есебінен өткен аймен салыстырғанда 37,2%-ға немесе 219,2 млрд теңгеге 370,7 млрд теңгеге дейін азайды. 2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша KASE сауда-саттық тізімдерінде 132 эмитенттің корпоративтік облигацияларының 589 шығарылымы болды.

2025 жылғы шілдеде корпоративтік облигациялардың бастапқы нарығының көлемі 314,6 млрд теңгені құрады, бұл 2025 жылғы маусымдағы көрсеткіштен  41,6%-ға немесе 223,9 млрд теңгеге аз.

KASE-де саудаланатын мемлекеттік борыш 2025 жылғы шілдеде 1,7%-ға немесе 0,5 трлн теңгеге 29,5 трлн теңгеге дейін азайды (2025 жылдың басынан бастап 9,3%-ға өсті).

KASE-де мемлекеттік бағалы қағаздармен сауда-саттықтың жиынтық көлемі бір айда 11,6%-ға немесе 88,8 млрд теңгеге ұлғайып, 2025 жылғы шілде айының қорытындысы бойынша 854,9 млрд теңгені құрады.  

МБҚ бастапқы нарығындағы сауда-саттық көлемі 16,1%-ға немесе 101,5 млрд теңгеге 731,5 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Оның ішінде 65,2 млрд теңгені он бір облыстың және Астана қ. әкімдіктері мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тартты. ҚР Қаржы министрлігі 13 облигациялар шығарылымын орналастырып, өтеуге табыстылығы жылдық 5,0 – 17,01%-ды құрайтын 666,3 млрд теңгені тартты.

Ұжымдық инвестициялау нарығында 2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 58 инвестициялық пай қоры жұмыс істеді, оның ішінде 24 аралық, 33 жабық және 1 ашық пай қоры.

Инвестициялық пайлар нарығындағы басқарудағы активтер негізінен жекелеген инвестициялық қорлардың шетел валютасын 8,6 млрд теңге мөлшеріндегң оң қайта бағалауына байланысты 2025 жылғы шілдеде 2,8%-ға немесе 10,4  млрд теңгеге ұлғайып, 2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 377,7 млрд теңгені құрады. 2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша бағалы қағаздар портфелі 315,7 млрд теңгені немесе инвестициялық пай қорларының жиынтық активтерінің 83,6%-ын құрады.

2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша бағалы қағаздар нарығының институционалдық құрылымына 42 брокер мен дилер (16 банк және 26 банктік емес ұйым), 11 кастодиан-банк, 21 инвестициялық портфельді басқарушы, 4 трансфер-агент, сондай-ақ 3 инфрақұрылымдық ұйым: KASE, KASE Клирингтік орталығы және бірыңғай тіркеуші мен  сауда репозиторийінің функцияларын орындайтын Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі кірді.

2025 жылғы шілдеде Орталық депозитарийдің номиналды ұстау жүйесіндегі шоттардың саны 2,3%-ға немесе 96,1 мыңға ұлғайып, 4 329,7 мың шотқа жетті, оның ішінде:

- депоненттер клиенттерінің қосалқы шоттарының саны 1,0 мың қосалқы шотқа немесе 0,1%-ға 693,0 мың қосалқы шотқа дейін ұлғайды (2025 жылдың басынан бастап 7,6 мыңға немесе 1,1%-ға ұлғайды);

- брокерлер ашқан және жинақталған омнибус-шоттар арқылы есепке алынатын дербес шоттардың саны 95,0 мың шотқа немесе 2,7%-ға 3 636,8 мың шотқа дейін ұлғайды (2025 жылдың басынан бастап 821,4 мыңға 29,2%-ға өсті).

Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың активтері негізінен мемлекеттік бағалы қағаздарды жекелеген қатысушылардың сатып алуы есебінен 2025 жылғы шілдеде 1,1%-ға немесе 5,8 млрд теңгеге ұлғайып, 2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 562,2 млрд теңгені құрады (2025 жылдың басынан бастап 27,0%-ға азайды). Міндеттемелер алынған қарыздардың ұлғаюы себебінен 2,6%-ға немесе 3,6 млрд теңгеге  141,7 млрд теңгеге дейін өсті (2025 жылдың басынан бастап 41,2%-ға азайды). Меншікті капитал бөлінбеген пайданың өсуі нәтижесінде 0,5%-ға немесе  2,2, млрд теңгеге 420,5 млрд теңгеге дейін ұлғайды (2025 жылдың басынан бастап 20,4-ға азайды).

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
05 сентября 2025
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы 2025 жылғы 1 тамыздағы жұмыс қорытындылары туралы

2025 жылғы шілдеде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша қызметі негізінен қарыз алушылардың алаяқтық әрекеттер, тұтынушылық қарыздар бойынша берешекті қайта құрылымдауға жәрдемдесу туралы жолданымдарын қараумен және борыш жүктемесін азайту шараларын қабылдаумен байланысты болды.

2025 жылғы шілдеде Агенттік қаржы ұйымдары мен коллекторлық агенттіктердің қызметіне байланысты жеке және заңды тұлғалардың 14 536 жолданымын қарады, бұл 2025 жылғы маусыммен салыстырғанда  2,8%-ға аз.

Жолданымдардың ең көп үлесі банк секторына тиесілі, ол жолданымдардың жалпы санының 49,9%-ын құрады. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша жолданымдар жалпы санның 31,7%-ын, коллекторлық агенттіктердің 7,0%-ын, сақтандыру нарығы субъектілерінің 1,6%-ын, өзге ұйымдардың 9,6%-ын, атауы көрсетілмеген қаржы ұйымдарының 0,2%-ын құрады.

Агенттік 2025 жылғы шілдеде 7 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасын, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 9 хаттама бойынша 5,4 млн теңге жалпы сомаға 9 әкімшілік жаза, 3 жазбаша нұсқау қолданды, оның ішінде:

-  банктерге – 7 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасы және  әкімшілік құқық бұзушылық туралы 2 хаттама бойынша 1,6 млн теңге жалпы сомаға 2 әкімшілік жаза;

-  микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға – 2 жазбаша ұйғарым, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 5 хаттама бойынша 3,1 млн теңге жалпы сомаға 5 әкімшілік жаза;

- коллекторлық ұйымдарға – 1 жазбаша ұйғарым және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 1 хаттама бойынша 0,3 млн теңге жалпы сомаға 1 әкімшілік жаза;

- сақтандыру ұйымдарына – әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 1 хаттама бойынша 0,4 млн теңге жалпы сомаға 1 әкімшілік жаза қолданылды.

Агенттік жалғыз баспананы сақтап қалу және борыш жүктемесін төмендетуге бағытталған Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) үш бағыт бойынша іске асыруда.

Бағдарламаның 2004 – 2009 жылдар аралығындағы кезеңде ипотекалық қарыз алған қарыз алушылардың жалғыз баспанасын сақтауға бағытталған бірінші бөлігі шеңберінде 2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша банктер 208,6 млрд теңге сомаға  33,0 мың қарызды қайта қаржыландырды.

Бағдарламаның 01.01.2016ж. дейін берілген валюталық ипотекалық қарыздарды айырбастауға/қайта қаржыландыруға бағытталған екінші бөлігі шеңберінде банктер 114 млрд теңге сомаға 15,9 мың валюталық ипотекалық қарызды айырбастауды/қайта қаржыландыруды жүргізді. Валюталық қарыздарды айырбастау/қайта қаржыландыру 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін жүргізіледі.

Бағдарламаның үшінші бөлігі шеңберінде банктер қарыздары бұрын Бағдарлама шеңберінде қайта қаржыландырылған ХӘОТ-қа жататын ипотекалық қарыз алушыларға қосымша қаржылық қолдау шараларын көрсету бойынша жұмыс жүргізуде. Қолдау шаралары қарыз алушының берешегін азайту, өтеудің жеңілдетілген кестелерін белгілеу, сондай-ақ банк балансында тұрған жалғыз баспананы қарыз алушының меншігіне қайтару түрінде көрсетіледі. 01.08.2025 ж. жағдай бойынша қосымша қолдау шаралары 10,6 мың қарыз алушыға 97,7 млрд теңге сомасында көрсетілді. Ипотекалық қарыз алушыларға көмек көрсету мерзімі 2025 жылғы
31 желтоқсанға дейін ұзартылды.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz

Микроқаржы секторы
05 сентября 2025
Қазақстанның микроқаржы ұйымдарының 2025 жылғы 1 шілдедегі жай-күйі туралы

2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды (бұдан әрі – МҚҚЖҰ) 212 микроқаржы ұйымы, 213 кредиттік серіктестік және 474 ломбард құрайды.

МҚҚЖҰ-ның активтері ағымдағы жылғы 2-тоқсанда 10,9%-ға немесе 345 млрд теңгеге ұлғайып, 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 3,5 трлн теңгені құрады. Активтердің ұлғаюына негізінен кредиттік серіктестіктердің несие портфелінің өсуі себеп болды.

МҚҚЖҰ құрылымында активтердің ең көп үлесі микроқаржы ұйымдарына - 1 936 млрд теңге немесе 55,1%, кредиттік серіктестіктерге – 1 121 млрд теңге немесе 31,9%, ломбардтарға - 458 млрд теңге немесе 13,0% тиесілі.

МҚҚЖҰ-ның несие портфелі 2025 жылғы 2-тоқсанда негізінен жеке тұлғаларға берілген микрокредиттер есебінен 9,3%-ға 3,2 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

Бизнес субъектілеріне берілген микрокредиттер 2025 жылғы 2-тоқсанда  заңды тұлғаларға берілген кредиттік серіктестіктердің микрокредиттері есебінен 12,3%-ға 1,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды. МҚҚЖҰ секторында бизнес субъектілеріне берілген микрокредиттердің үлесі 60,9%-ға жетті. 

Халыққа берілген микрокредиттер негізінен микроқаржы ұйымдары  мен ломбардтар берген микрокредиттердің ұлғаюы есебінен 2025 жылғы 2-тоқсанда 5,0%-ға ұлғайып, 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 1,2 трлн теңгені құрады.

МҚҚЖҰ портфеліндегі 90 күннен астам төлем мерзімі өткен қарыздардың (NPL90+) деңгейі 2025 жылғы 1 шілдеде 5,0%-ды құрады (01.01.2025ж. – 4,6%). Халықтың портфелінде 90 күннен астам төлем мерзімі өткен микрокредиттердің үлесі 6,4%-ды (01.01.2025ж. – 6,0%) құрады.

2025 жылғы 2-тоқсанда МҚҚЖҰ-ның міндеттемелері басқа да міндеттемелердің өсуі есебінен 10,1%-ға 2,3 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Қорландыру құрылымындағы негізгі үлес алынған қарыздарға тиесілі болады, олардың үлесі жиынтық міндеттемелердің 67,9%-ын немесе 1,6 трлн теңгені құрайды.

МҚҚЖҰ-ның меншікті капиталы негізінен бөлінбеген пайданың ұлғаюы есебінен тоқсан ішінде 12,4%-ға ұлғайып, 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 1,2 млрд теңгені құрады.

2025 жылғы 2-тоқсанда анықталған бұзушылықтардың қорытындысы бойынша МҚҚЖҰ-ға қатысты 179 әкімшілік жаза қолданылды, оның ішінде 78,5 млн теңге сомаға 135 хаттама және 23 ескерту жасалды, жазбаша ұйғарым түріндегі 16 шектеулі ықпал ету шарасы қолданылды, сондай-ақ 90 күнге дейінгі мерзімге 4 лицензияның қолданысы тоқтатылды және 1 МҚҰ лицензиядан айырды.

МҚҚЖҰ-ға қатысты ықпал ету шараларын қолдануға әкеп соққан негізгі бұзушылықтар анық емес, сол сияқты толық емес қаржылық және өзге де есептілікті ұсыну, Мемлекеттік кредиттік бюроға мәліметтерді уақтылы ұсынбау/ұсынбау, шарттарда жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін (бұдан әрі – ЖТСМ) дұрыс көрсетпеу, ЖТСМ мөлшерінің дұрыс есептелмеуі, жарғылық және меншікті капиталдарға қойылатын ең төменгі талапты және басқа да пруденциалдық нормативтер мен лимиттерді сақтамау болып табылады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz

Қаржы нарығын реттеу және дамыту
05 сентября 2025
Кадр резервіне қабылдау үшін кандидаттарды іріктеу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Агенттік қызметшілерінің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды іріктеу өткізілетіні туралы хабарлайды. Іріктеу 2025 жылғы 5 қыркүйек – 2025 жылғы 4 қазан аралығындағы кезеңде өткізіледі.

Кандидаттарды таңдаудағы негізгі өлшемшарттар тиісті білім, біліктіліктің жоғары деңгейі, халықаралық қаржылық және тілдік сертификаттардың болуы болып табылады. Мыналарға:

- шетелдік жоғары оқу орындарының түлектеріне;

- Ұлттық Банк бағдарламасы бойынша магистратураны бітірген түлектер мен мамандарға;

- FRM, CFA халықаралық сертификаттарының кемінде 1 деңгейі және (немесе) ACCA халықаралық сертификатының 4 деңгейі бар мамандарға;

- шет тілін меңгерген мамандарға (IELTS халықаралық сертификатының болуы – 9-дың 6-ынан төмен емес, TOEFL IBT – 120-дан 80, TCF 400 (B2) 699-дан 400, СILS 1, HSK 11-ден 6-деңгей);

- таңдалған бағыт бойынша кемінде бір жарым жыл жұмыс тәжірибесі бар мамандарға артықшылық беріледі.

Түйіндемені қабылдау аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде кадр қызметі кандидаттардың тізімін қалыптастырады. Іріктеуге қатысу үшін фотосуреті бар түйіндеменің электрондық нұсқасын HR@finreg.kzэлектрондықмекенжайғажіберуқажет. ТүйіндеменысаныАгенттіктіңсайтындаұсынылған.

Осыдан кейін кадр қызметі кандидаттарға әңгімелесуді өткізу уақытын, күнін және орнын электрондық пошта және (немесе) телефон арқылы хабарлайды. Үміткерлермен әңгімелесу кезеңі жалпы тізім қалыптасқан күннен бастап 10 он жұмыс күні ішінде өтеді.

Егер кандидатқа әңгімелесуқорытындысы бойынша кадррезервінқалыптастыружөніндегікомиссиямүшелерініңкөпшілігідауыс берсе, кандидаткадррезервінекіруқұқығынаие болады. Дауыстар тең болған кездекомиссиятөрағасыныңдауысышешуші болып табылады.

Кадррезервіне қабылданған адамдардыңтізіміАгенттіктіңинтернет-ресурсындакадррезервінқалыптастыружөніндегікомиссияшешімқабылдағанкүнненбастап7жұмыскүніішіндежарияланатынболады.

Кадр резервіне іріктеудің толық шарттары Агенттіктің сайтында жарияланды:

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің кадр резервіне қабылдау үшін кандидаттарды іріктеуді өткізу туралы хабарландыру

 

Қаржы нарығын реттеу және дамыту
05 сентября 2025
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің кадр резервіне алу үшін кандидаттарды іріктеу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) қызметшілерінің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды іріктеу өткізілетінін хабарлайды.

Біз мансабыңыздың өсуіне мүмкіндік бар кәсіби/беделді ұжымның бір бөлігі болуға кеңес береміз.

Шетелдік жоғары оқу орындарында, Ұлттық Банктің магистратурасында, «Назарбаев Университеті» ДБҰ магистратурасында оқуды аяқтаған түлектерді, FRM, CFA халықаралық сертификаттарының кемінде 1-деңгейі және (немесе) ACCA халықаралық сертификатының
4-деңгейі бар мамандарды, шет тілін меңгерген мамандарды (IELTS халықаралық сертификатының болуы – 9-дан 6 төмен емес, TOEFL IBT – 120-дан 80, TCF 699-дан 400 (В2), СILS 1, HSK 11-ден 6-деңгей) жұмыс  тәжірибесі бар білікті мамандарды шақырамыз.

Кандидаттарды таңдаудағы негізгі өлшемшарттар: тиісті білім, жоғары деңгейдегі біліктілік, халықаралық қаржылық және тілдік сертификаттардың болуы, сондай-ақ бос лауазымға үміткердің әлеуеті болып табылады.

Толығырақ:

https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/article/details/212583?lang=kk

05 сентября 2025
Агенттік ұжымы Нұрлан Әбдірахмановқа алғыс білдірді

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде салтанатты рәсім өтті, оның барысында Агенттік Төрағасы Мәдина Әбілқасымова мен Агенттік ұжымы Төрағаның бұрынғы бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахмановқа көп жылғы еңбегі және қаржы секторын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдірді. Нұрлан Әбдірахманов басқа жұмысқа ауысуына байланысты лауазымынан кетті.

Агенттік басшысы Нұрлан Әбдірахмановтың жоғары кәсібилігін, айрықша құзыреттілігі мен басқарушылық қасиеттерін және оның қаржы секторын реттеуді жетілдіруге, шетелдік реттеушілермен, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды нығайтуға және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауға қосқан айтарлықтай үлесін атап өтті.

«Сіздің біліміңіз, тәжірибеңіз және қағидатты ұстанымыңыз қаржы секторын реттеудің заманауи моделін қалыптастыруда шешуші рөл атқарды. Сіздің энергияңыз бен жігеріңіздің арқасында қаржы нарығының тұрақтылығы мен ашықтығын арттыруға, сондай-ақ қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған бірқатар бастамалар іске асырылды. Жұмыста Сіз жоғары кәсіби деңгейіңізді және ісіңізге деген адалдығыңызды көрсете білдіңіз», – деп атап өтті Мәдина Әбілқасымова.

Нұрлан Әбдірахманов Ұлттық Банк жүйесіндегі жұмысына 20 жылдан астам уақыт арнады. 1998 жылы Ұлттық Банктегі еңбек жолын Банктерді қадағалау департаментінің жетекші экономисі болып бастады. Әр жылдары Банктерді және сақтандыруды қадағалау департаментінің әдіснама және талдау бөлімінің бастығы, Бағалы қағаздар нарығы субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаментінің директоры, Бақылау және қадағалау әдіснамасы департаментінің директоры лауазымдарын атқарды. «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ Төрағасы, Ұлттық Банктің Төлем балансы департаментінің директоры лауазымдарын атқарды.

2019 жылы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды, 2022 жылы Агенттік Төрағасының бірінші орынбасары болды.

Агенттікте жұмыс істеген уақытында Нұрлан Әбдірахманов банк секторын, сақтандыру нарығын, микроқаржы ұйымдары жүйесін дамытуға, сондай-ақ қадағалау мен реттеу тетіктерін жетілдіруге елеулі үлес қосты. Оның тікелей қатысуымен қаржы институттарының орнықтылығын арттыруға және олардың мүмкіндіктерін кеңейтуге, оның ішінде Қазақстан экономикасын қолдауға бағытталған маңызды реформалар дайындалып, іске асырылды.

Жұмыс істеген жылдары бірқатар мемлекеттік наградалармен, оның ішінде «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Құрмет» орденімен, сондай-ақ мерекелік медальдармен, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісімен және «Үздік мемлекеттік қызметші» ведомстволық наградасымен марапатталған.

Әріптестер Нұрлан Әбдірахмановтың жеке қасиеттерін – жоғары жауапкершілігін, сындарлы диалогқа дайындығын, қиын жағдайда тиімді шешімдер таба білу дағдыларын жылы шыраймен атап өтті. Оның қызметі елдің қаржы институттарына деген сенімді нығайтқан ашық, қоғамдық мүдделерге бағытталған реттеу моделін қалыптастыруға ықпал етті.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Нұрлан Әбдірахмановқа жемісті жұмыс істеген жылдары үшін асқан ризашылығын білдіреді және одан әрі кәсіби және қоғамдық қызметте толағай табыс тілейді.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz

Қаржы нарығын реттеу және дамыту
05 сентября 2025
Агенттік пен Оман Сұлтандығының Қаржылық қызметтер басқармасы арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою туралы

Astana Finance Days шеңберінде Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Оман Сұлтандығының Қаржылық қызметтер басқармасы (FSA) арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

FSA капитал нарықтарын, сақтандыру секторын, сондай-ақ бухгалтерлік және аудиторлық қызметті реттеу мен қадағалауды жүзеге асырады.

Қол қою рәсімі екі елдің қаржы реттеушілері басшыларының – Агенттік Төрағасы Мәдина Әбілқасымованың және FSA Атқарушы президенті Абдулла Салим Аль-Салми мырзаның қатысуымен өтті.

Құжат Қазақстан мен Оман арасындағы ынтымақтастықты тереңдету жөніндегі жұмыстың нәтижесі болды.  Меморандум қаржы технологиялары, инновациялық жобалар, қаржылық білім беру және қаржылық қолжетімділікті арттыру саласындағы өзара іс-қимылды, сондай-ақ қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып, қаржы нарығының инфрақұрылымын дамыту жөніндегі бірлескен бастамаларды әзірлеуді көздейді.

Өңірлік биржалар арасындағы байланыстарды нығайтуға және трансшекаралық сауданы жеңілдетуге ықпал ететін Tabadul платформасын қолдауға және дамытуға ерекше назар аударылады.

Бағалы қағаздар нарығы және зейнетақы активтерін басқару
05 сентября 2025
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын дамыту мәселелері жөнінде өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2025 жылғы 16 мамырдағы № 14 қаулы қабылдағанын хабарлайды.  

Қаулымен қор биржасының ресми тізіміне «Борыштық бағалы қағаздарға арналған буфер» сегментін енгізу көзделеді, ол «Негізгі» және «Баламалыдан» басқа қор биржасының өзге алаңдарындағы компанияларға облигациялар бойынша купондық сыйақы төлеу (міндеттемелерді қайта құрылымдау) бойынша дефолтқа жол берілген жағдайда аталған сегментке ауысуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, қаулымен қор биржасы мүшелерінің уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ақпарат ұсынуы жөнінде талап белгіленеді.

Сонымен қатар, қор биржасының әрбір қаржы құралы бойынша жеке маркет-мейкер мәртебесін беруден бас тарту немесе одан айыру туралы шешім қабылдау бөлігінде норма көзделеді. Аталған түзету жекелеген қаржы құралдары бөлінісінде маркет-мейкерлерді айқындау тәсілін саралауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, қаулымен жылдық қаржылық есептілікті жариялау үшін рұқсат етілген ресурстар тізбесіне акционерлік қоғамның және қаржы ұйымының ресми интернет-ресурстары енгізіледі.

 

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы