Ресми өкіл парақшасы

Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі экономикалық тергеп-тексеру органдарына алғаш рет қызметке кіретін азаматтарды бастапқы кәсіптік даярлықтан өткізуге іріктеу жариялайды.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 15 шілдеден 15 тамызға дейін.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:
✔️Қазақстан Республикасының азаматы болуы;
✔️ жасы 18-ден 35 жасқа дейін болуы;
✔️жоғары білімі болуы.

Құжаттар «Open Academy» ақпараттық жүйесі арқылы қабылданады.

Іріктеуге қатысу үшін:
➡️ talapker.prokuror.gov.kz сайтында ЖСН арқылы тіркелу;
➡️ жеке кабинетті толтырып, қажетті құжаттарды жүктеу қажет.

Іріктеуден өту тәртібі мен қажетті құжаттардың толық тізімі talapker.prokuror.gov.kz сайтындағы «Open Academy» ақпараттық жүйесінде орналастырылған.

 

 ҚР ҚМА Ресми өкілі

Ернар Тайжан