АФМ

Меню

Страницы

Статья

Заң мен тәртіп: ҚМА қаржылық қауіпсіздігі бойынша ұлттық олимпиада өткізуде

Мемлекет басшысының халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру және «Заң мен тәртіп» нарративі аясында Қаржылық мониторинг агенттігінің бастамасымен еліміздің барлық өңірлерінде қаржылық қауіпсіздік мәселелері бойынша ауқымды акциясы орын алуда.

Атап айтқанда, 2025 жылы 7 сәуірден бастап Агенттік қызметкерлері еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінде ғылыми-оқытушылық құраммен бірлесіп жастар арасында қаржылық қауіпсіздікті арттыру мақсатында дәрістер өткізуде.

Айта кету керек, университет оқытушылары Агенттік қабырғасында алдын ала арнайы дайындықтан өткен болатын.

Іс-шараға қала, облыс әкімдері және басқа да танымал тұлғалар белсене қатысты.

Бүгінгі күнге дейін 200-ден астам оқу орнында дәрістер өткізіліп, 100 мыңнан аса тыңдаушы жиналды.

Студенттерге қаржы пирамидаларды қалай анықтауға болатынын, дроппер дегеніміз не, оған қалай тартылатыны және бұған байланысты қандай жауапкершілік бар екендігі түсіндірілді.

Еске саламын, 20 наурыз бен 18 сәуір аралығында қаржылық қауіпсіздік жөніндегі Ұлттық олимпиадаға тіркелу жүргізілуде.

Олимпиадаға «Құқықтану», «Экономика», «Халықаралық қатынастар», «Ақпараттық қауіпсіздік» білім беру бағдарламалары бойынша 2-3 курс студенттері мен 1 курс магистранттары қатыса алады.

Олимпиаданың мақсаты – жастардың қаржылық-құқықтық сауаттылығын арттыру, қаржылық қауіпсіздік саласындағы қазіргі трендтерді көрсету және осы саладағы қауіптер мен тәуекелдерге қарсы тұруды үйрету.

Олимпиада жеңімпаздары биыл қыркүйек айында Ресей Федерациясының Красноярск қаласында өтетін Халықаралық қаржылық қауіпсіздік олимпиадасында елімізді таныстыратын болады.

ҚР ҚМА Ресми өкілі

Ернар Тайжан

Дата публикации
10 апреля 2025
Дата обновления
10 апреля 2025
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
10 августа 2026
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша Экономикалық тергеу қызметімен тергеу жүргізілген заңды тұлғалар және жеке тұлғалар туралы мәліметтердің тізілімі
Ақпарат
11 февраля 2026
  Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша Экономикалық тергеу қызметімен тергеу жүргізілген заңды және жеке тұлғалар туралы мәліметтердің тізілімі
26 июня 2025
«АФМ Online 2025: XXI ғасырдың қаржылық триггерлері» атты ауқымды форум

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы