АФМ

Меню

Страницы

Статья

«АФМ Online 2025: XXI ғасырдың қаржылық триггерлері» атты ауқымды форум

Мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында Қаржылық мониторинг агенттігі «АФМ Online 2025: XXI ғасырдың қаржылық триггерлері» атты ауқымды форум өткізді, оған еліміз бойынша 15 мыңнан астам азамат қамтылды. Астанада өткен іс-шараға 2300 қатысушы, оның ішінде елорданың бірқатар ұйымдары қызметкерлері мен жастар жиналды. Форум TEDx форматында өтіп, онда Агенттік қызметкерлері нақты өмірден алынған мысалдармен бөлісіп, алаяқтардың арбауына түспеудің жолдары мен лайфхактары туралы айтып берді. Қаржы пирамидалары, интернет-алаяқтық, дропперлер және басқа да қаржылық құқық бұзушылықтар форумның негізгі тақырыптары болды. Іс-шараға 15 танымал миллиондық аудиториясы бар блогерлер қатысып, өздерінің алаяқтармен қалай бетпе-бет келгендері туралы жеке тәжірибелерімен бөлісті. Кең аудиторияны қамту үшін «Патруль» және «Копы» фильмдерінің актерлерінің қатысуымен скетчтер, сондай-ақ YouTube-тағы танымал ПТК арнасы дайындаған қаржы пирамидалары туралы әзіл-сықақ видеосы ұсынылды. Форум YouTube арнасында онлайн көрсетіліп, аудиторияны одан әрі кеңейтуге мүмкіндік берді. Аталған игі шара жылда жалғасын таба бермек.

Дата публикации
26 июня 2025
Дата обновления
26 июня 2025
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
10 августа 2026
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша Экономикалық тергеу қызметімен тергеу жүргізілген заңды тұлғалар және жеке тұлғалар туралы мәліметтердің тізілімі
Ақпарат
11 февраля 2026
  Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша Экономикалық тергеу қызметімен тергеу жүргізілген заңды және жеке тұлғалар туралы мәліметтердің тізілімі
26 июня 2025
«АФМ Online 2025: XXI ғасырдың қаржылық триггерлері» атты ауқымды форум

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы