2025 жылдан бастап республикалық деңгейде «Қазақ тілі» жаппай ашық онлайн курсы іске асырылуда. Курсқа 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының барлық азаматтары қатыса алады. Сабақтар ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта өткізіледі. Оқыту аптасына үш рет, үш ай бойы жүргізіледі. Курстарды өткізу жыл соңына дейін үш тоқсанға жоспарланған. Аталған курсқа 74-15-94 байланыс нөмірі арқылы жазылуға болады.