Балалар 18 жасқа толған жылы мақсатты жинақтар олардың мақсатты жинақ шоттарына АҚШ долларында аударылады, инвестициялауды тоқтатады және тұрғын үй мен білім алуға пайдалануға арналған.
Нысаналы жинақтар төлемін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және білім алуға ақы төлеу мақсатында алу үшін нысаналы жинақтарды алушы не оның заңды өкілі (нысаналы жинақтарды алушының әрекетке қабілетсіздігі (әрекет қабілеттілігі шектеулі) жағдайында) БЖЗҚ-мен тиісті келісім жасалған уәкілетті операторға уәкілетті оператордың интернет-ресурсы/мобильді қосымшасы арқылы жүгінуі тиіс:
Бағдарламаға сәйкес, егер азамат қаражатты рұқсат етілген мақсаттарға пайдаланғысы келмесе, онда қаражат шотта 10 жыл бойы сақталады. Осы мерзім өткеннен кейін ақша ерікті зейнетақы жарналарын есепке алатын алушының жеке зейнетақы шотына аударылады.
«Ұлттық қор- балаларға» жобасы туралы толығырақ ақпаратты «Отбасы Банкінің» арнайы бетінен табуға болады.