"Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы мыныдай сипатта жүзеге асырылады:
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚҰБ) жыл сайын БЖЗҚ-ға мақсатты талаптардың жалпы сомасы, орташа инвестициялық кіріс мөлшерлемесі және мақсатты талаптарға қатысушылардың бұрын қалыптасқан мақсатты талаптары бойынша есептелген инвестициялық кіріс сомасы туралы ақпаратты қамтитын есеп ұсынады.
Жыл сайын қаңтар айында (есепті жылдың соңындағы жағдай бойынша) БЖЗҚ «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорының (ЖТ МДҚ) алынған ақпарат негізінде мақсатты талаптарға қатысушылардың (ҚР азаматтары болып табылатын 18 жасқа дейінгі балалар) электрондық тізімін жасайды және оны «Электрондық үкіметтің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы «ҰАТ» АҚ-қа тексеру үшін жібереді.
ҚҰБ-дан алынған ақпарат және «ҰАТ» АҚ-мен тексерілген мақсатты талаптарға қатысушылардың электрондық тізімі негізінде БЖЗҚ есепті жылдағы қатысушы балаға шаққандағы мақсатты талаптардың сомасын есептейді және бұл деректерді өзінің ақпараттық жүйесіне енгізеді. «Балаларға арналған ұлттық қор» бағдарламасын іске асыру туралы тұрақты есептер БЖЗҚ-ның enpf.kz ресми веб-сайтында орналастырылады.