Ақшаны қашан және қалай алуға болады?

Инструкция

Нысаналы жинақтарды алушының нысаналы жинақ ақшасын алу құқығы нысаналы жинақ сомасын нысаналы жинақ шотына есепке алған, нақтысында ол он сегіз жасқа толған күннен бастап туындайды.

Нысаналы жинақ ақшасын төлеуге өтінішті және тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) білім алуға ақы төлеу мақсатында нысаналы жинақтау төлемдерінің нысаналы пайдаланылуын растайтын құжаттарды алушы уәкілетті операторларға – екінші деңгейдегі банктерге, нысаналы жинақтардың төлемдерін есепке алу үшін банктік шот ашып, оны жүргізетін, БЖЗҚ-мен тиісті келісім жасасқан Ұлттық пошта операторына ұсынады.

БЖЗҚ-дан уәкілетті операторға аударылатын нысаналы жинақ төлемдері АҚШ долларымен жүзеге асырылады.

Алушылар нысаналы жинақтардың нысаналы жинақтау шоттарына есептелгенін БЖЗҚ интернет-ресурсындағы жеке кабинеті және (немесе) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы дербес тексере алады.

Дата обновления - 08.05.2025
Справочная информация
"Ұлттық қор- балаларға"
3297