Шетелдік мекемеде қызметті қалай алуға болады?

Инструкция

Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесінде қызметті қалай алуға болады (қажетті құжаттар):

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу үшін:

  • Қазақстан Республикасының жеке басын куәландыратын құжат.
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұрғылықты жерге кетуге құжаттарды ресімдеу туралы шешім (салыстыру үшін).
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының толтырылған тіркеу картасы.

Қазақстан Республикасынан тыс жерде уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеу үшін:

 

  • жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерде уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары үшін толтырылған тіркеу картасы.

Мемлекеттік қызметті шетелдегі мекемелер арқылы көрсетудің жалпы мерзімі 2 жұмыс күнін құрайды.

Дата обновления - 30.10.2025
Справочная информация
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы
402