Кәсіпкерлік негіздерін оқыту

Инструкция

«Бастау Бизнес» жобасының аясынд Skills Enbek платформасына кәсіпкерлік негіздері мен оқыту көшірілді.

Онлайн курстан өткен және сертификат алған қатысушылар Business.enbek.kz порталы арқылы бизнес идеяларын жүзеге асыру үшін грантқа өтінім бере алады. Талапқа сай болған жағдайда Skills.enbek.kz платформасына өтіп, оқуды бастауға болады.

«Bastau Business» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерін оқыту» онлайн курсына кім қатыса алатынын мына жерден білуге болады.

Оқу 14 күнтізбелік күннен аспайды. Әрбір қатысушы курсты жеке-жеке дербес игерумен айналысады.

Курстан өту тегін.

Бірнеше кезеңнен тұрады:

  • бірнеше модульдері бар онлайн курс
  • қорытынды тестілеу
  • сертификат алу.

Оқыту процесінде пайдаланушы бірнеше сабақтан тұратын 12 модульді орындауы керек. Әрбір модульді аяқтағаннан кейін аралық тестілеу жүргізіледі. Курстың келесі кезеңіне өту үшін қатысушы кемінде 70% дұрыс жауап жинауы керек. Аралық сынақтан өту әрекеттерінің саны шектеусіз.

Курс қорытындысы бойынша қатысушы бірегей нөмірі бар электрондық сертификат алады. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту сертификатының әрекет ету мерзімі – 3 жыл.

Дата обновления - 29.09.2023
Справочная информация
Skills Enbek онлайн платформасы«Бастау бизнес» жобасыКәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы
133