Skills Enbek онлайн платформасында қалай оқуға болады?

Инструкция

Іске қосылғаннан бері авторлар Платформада әртүрлі бағыттар бойынша 610 курсты жариялады, оның 274-і тегін. Курстың ұзақтығы 1 сағаттан 72 сағатқа дейін.

Skills.enbek.kz тікелей сілтемесі арқылы немесе Электрондық еңбек биржасынан (enbek.kz) «Онлайн оқыту» бөлімін таңдау арқылы оқуға қол жеткізуге болады.

Оқуды аяқтағаннан кейін білім алушы 70% шекті деңгеймен тестілеуден өтуі керек. Онлайн курсты сәтті аяқтағаннан кейін дағдыны меңгергендігі туралы сертификат беріледі. Курсты аяқтаудың міндетті шарты – білім алушының курсты бағалауы.

Бұл сертификат білім алушының электрондық еңбек биржасында (enbek.kz) тіркеу кезінде жасаған түйіндемесінде автоматты түрде көрсетіледі. Қызметкерлерді іздеу кезінде әлеуетті жұмыс беруші Платформада сәтті оқудан кейін алынған сертификаттарды көреді.

Платформада онлайн курстарды жариялау авторлар мен әзірлеушілер үшін тегін. Платформа ерекше қажеттіліктері бар білім алушылар үшін интерфейсті бейімдеу мүмкіндігін болжайды.

Платформада тіркелу және жұмыс істеуге қатысты барлық сұрақтар бойынша:

«ЕРДО» АҚ телефоны бойынша: 8 (7172) 95 43 17 ( ішкі 877, 878, 888).

 

Дата обновления - 18.11.2024
Справочная информация
«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚSkills Enbek онлайн платформасыЭлектрондық еңбек биржасы
948