"Zhas Project" қалай қатысуға болады?

Инструкция

2022 жылы "Zhas Project" - ке қатысуға 10 тамызға дейін өтінімдер  қабылданды.

Келесі Шағын гранттар конкурсы 2023 жылы жарияланады ("Азаматтық бастамалар орталығы" КЕАҚ сайтында жаңалықтарды қадағалаңыз).

2022 жылы өтінімдерді қабылдау веб-ресурстарда жүзеге асырылды:

Шағын гранттар конкурсына қатысушыларға арналған критерийлер:

  • Қазақстан Республикасының азаматы болу;
  • жасы - өтінім беру сәтінде 18 жастан 28 жасқа дейін (қоса алғанда);
  • өтінім берген сәтте облыс аумағында кемінде үш ай тұрақты немесе уақытша тіркелуі тиіс.

Шағын гранттар байқауында осал топтардың жастарына ерекше басымдық берілді:

  • жұмыссыз деп тіркелген мәртебесі бар жастар;
  • аз қамтылған отбасыларда тұратын 18 бен 29 жас аралығындағы жастар, жетімдер мен мүгедектер;
  • мүгедек бала тәрбиелеп отырған жас ата-аналар;
  • "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған жас көпбалалы аналар және көпбалалы отбасылар.

2022 жылы гранттың әрбір екінші иегері осы санаттағылар (65%) болды. 

Шағын гранттар конкурсына өтінім беру үшін веб-ресурста жеке тіркеуден өту, сауалнаманы толтыру қажет және қажетті құжаттар:

  • жеке куәліктің көшірмесі;
  • облыс аумағында электрондық үкімет порталында жеке кабинеттен тіркелгенін растау;
  • қатысушының осал топтар санатына жататанын растайтын құжаттар.

Жеке тіркеуден өткеннен кейін қатысушы белгіленген нысан бойынша веб-ресурста жобалық өтінім (ұсынылған Жобаның сипаттамасы) беру қажет.

Жобалардың ықтимал бағыттары:

1)      білім, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу;

2)      азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау;

3)      қоршаған ортаны қорғау;

4)      жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау;

5)      отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу;

6)      халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау;

7)      жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға көмек;

8)      халықты еңбекпен қамтуды қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

9)      азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау;

10)    мәдениет пен өнерді дамыту;

11)    тарихи-мәдени мұраны қорғау;

12)    Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту;

13)    есепте тұрған тұлғаларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде пробация қызметтеріне жәрдемдесу;

14)    Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу;

15)    азаматтық қоғамның дамуына, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу;

16)    өмірлік қиын жағдайға тап болған адамға (отбасына) көмек көрсету.

Жобаларды іріктеу 2 кезеңнен тұрады:

  1. Критерийлерге сәйкестігін техникалық тұрғыдан іріктеу және құжаттарды тексеру;
  2. Конкурстық комиссияның іріктеуі. Комиссиялар әр өңірде қоғамдық ұйымдардың, әкімдіктердің, мәслихаттардың, оқу орындарының, журналистер мен блогерлерден құралған 21 өкілден құрылды. Жобаларды қарау қатысушылар мен комиссия мүшелерінің құпиялылығы сақталған веб-ресурста қашықтан жүргізілді, бұл іріктеу рәсімін әділ және ашық етті.
Дата обновления - 26.10.2022
Справочная информация
"Азаматтық бастамалар орталығы" КЕАҚ
3612