"Zhas Project" іске асыруда нені білуіңіз керек?

Инструкция

2022 жылы жастардың әлеуметтік бастамаларын қолдауға 250-ден астам шағын грант бөлінді. Әрбір шағын гранттың сомасы 1 миллион теңгеге дейінгі соманы құрады.

Іске асырылатын өңірлерде үкіметтік емес ұйымдардың базасында жұмыс істейтін, конкурстық негізде іріктелген жобалау кеңселері құрылды:

  • Алматы және Жетісу облыстарындағы "Тамшыбұлақ" ҚБ
  • Қарағанды және Ұлытау облыстарындағы "Жас ұлан" бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымы" РҚБ
  • Маңғыстау облысындағы "Түпқараған жастары" ЖҚБ
  • Түркістан облысындағы "Қазақстан жастар конгресі" ЗТБ

Жастар гранттарын қаржыландыруға жабдықтарды, шығын материалдарды сатып алу, мамандардың қызметтеріне ақы төлеу, орынжайларды жалға алу және т.б. шығындар жатады. 

Грант қаражаты грант алушылардың шоттарына түспейтінін ескертеміз Жобалық кеңселер қатысушылармен келісімі бойынша, гранттық өтінімнің сметасында көрсетілген тауарлар мен қызметтердің ақысын өздері төлейді. Бұл қатысушылар өз жобаларын жүзеге асыруға көбірек қатысуы және қаржылық құжаттарды рәсімдеуде қиындықтарға тап болмауы үшін жасалады. Жобаға қатысқаннан кейін барлық сатып алынған жабдық пен тауарлар қатысушыларда қалады.

Бұдан басқа, ыңғайлы болу үшін электрондық шарттарға ЭЦҚ арқылы  қол қою қарастырылған. Қатысушылар сұрақтар туындаған кезде жобаны басқарумен байланысты білікті көмек алу үшін Call-center-ге жүгіне алады.

Бұдан басқа, жоба іске асырылатын әрбір өңірінде консультативтік және тәлімгерлік қолдау көрсету үшін әлеуметтік кәсіпкерлік, жобаларды басқару, кәсіби өсу бойынша 20-ға жуық кәсіпқой тартылды.

Дата обновления - 26.10.2022
Справочная информация
"Азаматтық бастамалар орталығы" КЕАҚАлматы және Жетісу облыстарындағы Zhas projectҚарағанды және Ұлытау облыстарындағы Zhas ProjectМаңғыстау облысындағы Zhas ProjectТүркістан облысындағы Zhas Project
2626