Іске асыру кезеңдері

Инструкция

Жобаны іске асырудың бірінші кезеңі – жоба іске асырылатын өңірлеріндегі "Zhas Project" шағын гранттар конкурсы.  2022 жылы 2673 жоба келіп түсті, оның ішінде 252 жоба іріктелді.

Екінші кезеңде грант алушылар өмірлік маңызды дағдылар мен жұмысқа орналасу дағдыларына оқытылады, жобаларды табысты іске асыру үшін тәлімгерлік және консультациялық қолдау алады. Бұл кезеңде қатысушылар жиһаз цехтарын, шаштараздарды, наубайханаларды, тілдік курстарды және т.б. ашып, өз жобаларын іске асырумен белсенді айналысады, осылайша өз ісін ашу бойынша алғашқы тәжірибелерді иеленді.

Үшінші кезең жобаға қатысу кезінде алған білімі мен тәжірибесін бекітуге бағытталған. Жоба іске асырылатын өңірлерінде үздік тәжірибелер форумдары өтеді, онда қатысушылар өздерінің табысқа жету тарихымен бөліседі, идеялармен алмасады және болашаққа жоспар құрады. Іс-шараға қазіргі уақыттағы бизнесмендер, бизнес-жаттықтырушылар, әлеуетті инвесторлар мен донорлар шақырылады. 

Дата обновления - 26.10.2022
Справочная информация
"Азаматтық бастамалар орталығы" КЕАҚҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасын бекіту туралы
1254