БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін, базалық зейнетақы және жас бойынша зейнетақы төлемдерін бір мезгілде ресімдеу үшін сізге жақын жердегі «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ филиалына (ХҚКО) бару және өтініш беру қажет.
Өзіңізбен бірге мынадай құжаттар болу керек:
- жұмыс істемейтін ананың жас балаларға күтімін растау үшін мынадай құжаттардың бірі (олардың болуына байланысты)ұсынылады:
- "жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес прокуратура органдары берген оңалту туралы анықтама;
- әскери комиссариаттың жауынгерлік іс-қимылдарға қатысуы туралы анықтамасы;
- бірінші топтағы мүгедекті, екінші топтағы жалғызілікті мүгедекті және жасына байланысты зейнеткерді, сырттан көмекке мұқтаж қарттарды, сексен жасқа толған қарттарды, он сегіз жасқа дейінгі мүгедек баланы күту фактісін және кезеңін растайтын сот шешімі;
- Кеңес Одағының, Қазақстан Республикасы мекемелерінің, халықаралық ұйымның аумағында болған мекемелер қызметкерінің жұбайының (зайыбының) шетелде тұрғанын растайтын құжат;
- әскери қызметшінің жұбайының (зайыбының), арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігі болмаған жерлерде тұрғанын растайтын құжат;
- тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген этникалық қазақтардың шыққан еліндегі еңбек қызметін растайтын құжат.
Басқанан өзге, өтініш бергеннен соң, сіз мемлекеттік кепілдіктер (мүмкіндік болған жағдайда) төлем бойынша қызметті, атап айтқанда енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, инфляция деңгейін ескере отырып міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырмашылық қызметтерін алуға құқылысыз. Бұл төлем туралы толығырақ жеке материалдан білуге болады.