Зейнет демалысына шығу

Инструкция

Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі Әлеуметтік Кодексімен жүзеге асырылады.

Зейнетке шығу жасы ерлер үшін 63 жас, ал әйелдер үшін – 61 жас құрайды.

2023 жылдан 2028 жылға дейін әйелдердің "зейнеткерлік" жасы өзгермейді және 61 жасты құрайды. Зейнеткерлік жастың ең жоғары деңгейі – 63 жас, 2031 жылдан бастап әрекет ете бастайды

Қазақстанда әйелдер қандай жасында зейнетақыға шыға алатынын есептеп көрейік:

  • 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап-61 жасқа толғанда;
  • 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап-61,5 жасқа толғанда;
  • 2029 жылғы 1 қаңтардан бастап-62 жасқа толғанда;
  • 2030 жылғы 1 қаңтардан бастап-62,5 жасқа толғанда;
  • 2031 жылғы 1 қаңтардан бастап-63 жасқа толғанда

Зейнетке шығу мерзімін есептеудің ең оңай жолы – зейнетақы калькуляторын пайдалану.

5 және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдердің 53 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне құқығы бар.

 

Дата обновления - 13.02.2026
Справочная информация
Зейнетақы калькуляторыАудару зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-дан сақтандыру ұйымына (зейнетақы аннуитеті)ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
145128