Авторлық құқықты қалай тіркеуге болады?

Жүктеу

Авторлық құқық туралы мәліметтерді Мемлекеттік тізілімге қалай енгізуге болады?

Авторлық құқық туынды жасалған кезден бастап туындайды және міндетті тіркеуді талап етпейді.

Бұл ретте автор немесе өзге де өтініш беруші заңнамада көзделген жағдайларда авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді енгізу үшін жүгінуге құқылы.

Қызметті кім көрсетеді?

Қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК (Qazpatent) көрсетеді.

Қызметті онлайн қалай алуға болады?

  1. GOV.KZ порталына немесе Qazpatent ресми сайтына өтіңіз.

  2. Жеке кабинетте авторизациядан өтіңіз.

  3. «Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді және олардың өзгерістерін енгізу» қызметін таңдаңыз.

  4. Электрондық өтінішті толтырып, туындының данасын және туындының түріне байланысты басқа да құжаттарды тіркеңіз.

  5. Өтінішке электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қойыңыз.

  6. Жүйеде көзделген төлем сервисі арқылы төлем жасаңыз.

  7. Қызмет көрсету нәтижесін электрондық нысанда алыңыз.

2026 жылғы қызмет құны

Мемлекеттік тізілімге мәліметтерді енгізу құны 3 АЕК.

Заңнамаға сәйкес жеңілдік алуға құқығы бар тұлғалар үшін төлем мөлшерін 95%-ға төмендету көзделген.

Жеңілдікті ескере отырып, қызмет құны 648,75 теңгені құрайды.

Жеңілдікті қолдану үшін растайтын құжаттарды ұсыну қажет.

Қызмет көрсету мерзімі

Өтініш алынған күннен кейінгі 1 жұмыс күні ішінде.

Қызмет көрсету нәтижесі

Мемлекеттік тізілімге мәліметтердің енгізілгені туралы куәлік беру және тиісті мәліметтерді енгізу не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.

Жаңарту күні: Көру саны:7563
  1. Авторлық құқық туралы мәліметтерді Мемлекеттік тізілімге қалай енгізуге болады?