gov.kz
Меню

Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтер мен олардың өзгерістерін енгізу

Как получить услугу
Онлайн
Жеке тұлғалар

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

  1. Порталға авторизациядан өтіп, «Онлайн қызметке тапсырыс беру» батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді newcab.kazpatent.kz сайтында толтырып, оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қойыңыз. Жүйедегі бастапқы авторизациядан өту кезінде көрсетілген электрондық поштада өтініміңіздің өңделуі туралы хабарламамен таңысыңыз.
  1. Автордың жеке кабинеті арқылы немесе тікелей сенім білдірген адамның жеке кабинеті арқылы онлайн режимінде толтырылған өтініші.
  2. Туынды данасы.
  3. Жеке кабинет арқылы жүргізілген онлайн-төлемі.
  1. Автордың жеке кабинеті арқылы немесе тікелей сенім білдірген адамның жеке кабинеті арқылы онлайн режимінде толтырылған өтініші.
  2. Туындының жазбасы, мәтіні, партитура немесе клавира түріндегі ноталар.
  3. Жеке кабинет арқылы жүргізілген онлайн-төлемі.
  1. Автордың жеке кабинеті арқылы немесе тікелей сенім білдірген адамның жеке кабинеті арқылы онлайн режимінде толтырылған өтініші.
  2. Туындының жазбасы.
  3. Туындының сипаттамасы.
  4. Жеке кабинет арқылы жүргізілген онлайн-төлемі.
  1. Автордың жеке кабинеті арқылы немесе тікелей сенім білдірген адамның жеке кабинеті арқылы онлайн режимінде толтырылған өтініші.
  2. Эскиздер, сызбалар, суреттер.
  3. Туындының толық сипаттамасы.
  4. Жеке кабинет арқылы онлайн-төлем жүзеге асырылады.
  1. Өтініш автордың жеке кабинеті арқылы немесе тікелей сенім білдірген адамның жеке кабинеті арқылы онлайн режимінде толтырылған өтініші.
  2. Туындының фотосурет түріндегі данасы.
  3. Туындының толық сипаттамасы.
  4. Жеке кабинет арқылы  жүргізілген онлайн-төлемі.
  1. Автордың жеке кабинеті арқылы немесе тікелей сенім білдірген адамның жеке кабинеті арқылы онлайн режимінде толтырылған өтініші.
  2. Туындының данасы.
  3. Жеке кабинет арқылы жүргізілген онлайн-төлемі.
  1. Автордың жеке кабинеті арқылы немесе тікелей сенім білдірген адамның жеке кабинеті арқылы онлайн режимінде толтырылған өтініші.
  2. ЭЕМ-ге немесе деректер қорына арналған бастапқы код түрінде (бастапқы код) бағдарлама.
  3. Өтініш берушінің (тегі, аты, әкесінің аты) атауы, жасалған күнін, қолдану саласын, арналуын, функционалдық мүмкіндіктерін, негізгі техникалық сипаттамаларын, бағдарламалау тілін, іске асырушы ЭЕМ-нің типін қамтитын ЭЕМ-ге немесе деректер қорына арналған бағдарламаның рефераты.
  4. Жеке кабинет арқылы жүргізілген онлайн-төлемі.
 
Результат оказания услуги

Тізілімге мәліметтерді енгізу туралы куәлікті беру, сондай-ақ мәліметтерді Тізілімге енгізу немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.

Часто задаваемые вопросы
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Өтініш беруші құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 9-1-бабының талаптары сақталмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

Әкімшілік рәсімді қозғау үшін негіздер
  • өтініш;
  • әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.

Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады

Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:

  • жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
  • өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
  • өтініштің мәні;
  • өтініштің берілген күні;
  • өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.

! Өтінішті қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.

  1. Өтініш кодекстің 63-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, әкімшілік орган, лауазымды адам өтініш берушіге өтініштің қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсетеді, оны талаптарға сәйкес келтіру үшін орынды мерзім белгілейді.
  2. Өтініш беруші әкімшілік іс бойынша шешім қабылданғанға дейін өзінің жазбаша өтініші негізінде өтінішті кері қайтарып ала алады.

Өтінішті уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға қайта жіберу

Осы өтінішті қарау өкілеттігіне кірмейтін әкімшілік органға, лауазымды адамға келіп түскен өтініш келіп түскен күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде әкімшілік рәсімге қатысушыны бір мезгілде хабардар ете отырып, уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға қайта жіберіледі.

  1. Әкімшілік рәсімнің мерзімі өтініш келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күнін құрайды.

! Заңдарда өтініштерді қараудың өзге мерзімдері белгіленуі мүмкін (Мысалы, "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заңға сәйкес жазбаша сұрау салуға жауап ақпарат иесіне келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде беріледі).

  1. Әкімшілік рәсімнің мерзімі әкімшілік орган басшысының дәлелді шешімімен 2 айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы Әкімшілік рәсімге қатысушыға мерзім ұзартылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде хабарланады.

Әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік актіні қабылдауға байланысты әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағымдануға құқылы.

Егер әкімшілік орган, лауазымды адам мерзімінде әкімшілік актіні қабылдамаса, әкімшілік әрекетті жасамаса, онда мерзімдер өткен күннен бастап әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік актіні қабылдаудан, әкімшілік әрекетті жасаудан бас тартты деп есептеледі.

Шағым әкімшілік органға, әкімшілік актісі, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.

Сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі. Егер заңда жоғары тұрған органға шағымдану қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік орган, әкімшілік әрекеті (әрекетсіздігі) дауланатын лауазымды адам, әкімшілік акті сотқа кері қайтарып алумен қатар жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамның уәжді ұстанымын ұсынады.

! ӘРПК шағымдану тәртібін әрдайым реттей бермейді, салалық заңдарда шешімге сотқа дейінгі шағымсыз дереу сот тәртібімен шағымдануды көрсететін нормалар болуы мүмкін.

  1. Әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым әкімшілік органға, лауазымды адамға әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік актінің қабылданғаны немесе әкімшілік әрекеттің (әрекетсіздіктің) жасалғаны туралы белгілі болған күннен бастап 3 айдан кешіктірілмей беріледі.
  2. Дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда, әкімшілік рәсімге қатысушының өтінішхаты бойынша мерзімді шағымды қарайтын орган қалпына келтіре алады.
  3. Шағымдану үшін өткізіп алған мерзім шағымды қарайтын органның шағымды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылмайды.

! Өзге заңдарда шешімдерге шағымданудың ерекше тәртібі мен мерзімдері белгіленуі мүмкін.

Шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 5 жұмыс күнін құрайды.

! Өзге заңдарда шешімдерге шағымданудың өзге мерзімі белгіленуі мүмкін.

 

 

Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы

Заказать онлайн
Полное название
Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтер мен олардың өзгерістерін енгізу
Получатели услуги
Жеке тұлғалар
Стоимость услуги

Баға көрсеткіштерге сәйкес

Срок оказания услуги

Өтінішті алған күннен кейінгі 1 жұмыс күні

Услугу оказывает
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Место предоставления услуги
«Электрондық үкімет» порталы
Сараптама ұйымының www.kazpatent.kz ресми сайты

Мемлекеттік қызмет көрсету ережесі

Социальные медиа
Telegram
Youtube
Меню подвал
Экран дикторы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы