Әскери қызметшілерді ақшалай үлеспен қамтамасыз ету.

Инструкция

Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді, әскери оқу орындарының кадеттері мен курсанттарын қоспағанда, әскери қызметшілердің ақшалай ризығы ақшалай қамтылымды (лауазымдық айлықақыны және әскери атағы бойынша айлықақыны), қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақыларды және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да үстемеақылар мен қосымша ақыларды қамтиды.

Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің, әскери оқу орындарының кадеттері мен курсанттарының ақшалай ризығы (стипендиясы) лауазымдық айлықақыны ғана қамтиды.

Курсанттарды, кадеттерді және әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілерді қоспағанда, әскери қызметшілер 100 километрден астам қашықтықтағы басқа жергілікті жерге (оның ішінде әскери бөлім немесе бөлімше құрамында) жаңа қызмет орнына ауысқан кезде оларға әскери қызметшінің өзіне екі айлық ақшалай қамтылым және отбасының әрбір мүшесіне айлық ақшалай қамтылымның жартысы мөлшерінде көтерме жәрдемақы төленеді.

Дата обновления - 05.03.2024
Справочная информация
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне ақшалай ризықты, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу қағидаларын бекіту туралы
771