Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері, олардың отбасылары және әскери зейнеткерлер әскери-медициналық мекемелерде ҚР ҚМ медициналық медициналық бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етілуге құқылы.
Бұл құқық заңнамада бекітілген және органдар мен жүйелердің функцияларын қалпына келтіру үшін жедел және созылмалы ауруларды, контузиялар мен жарақаттарды емдеу үшін беріледі.
Әскери қызмет өткеру орнында немесе тұрғылықты жерінде әскери қызметшілердің әскери-медициналық мекемелері, мамандары не арнайы жабдықтары болмаған кезде әскери қызметшілерге медициналық көмек басқа медициналық мекемелерде (ұйымдарда) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетіледі.
Әскери-медициналық мекемелерде әскери қызметшілердің отбасы мүшелеріне және әскери зейнеткерлерге медициналық көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қаражаты есебінен көрсетіледі.
Жекелеген жағдайларда әскери қызметшілердің отбасы мүшелеріне және әскери зейнеткерлерге медициналық көмек ҚР Қорғаныс министрлігінің қаражаты есебінен көрсетіледі.
Қарулы Күштердің әскери қызметшілері медициналық көрсетілімдер болған кезде ҚР Қорғаныс министрлігінің қаражаты есебінен санаториялық-курорттық емдеуге құқылы.
Медициналық көрсетілімдер болған кезде 25 және одан да көп еңбек өтілі бар әскери зейнеткерлер ҚР Қорғаныс министрлігінің қаражаты есебінен санаториялық-курорттық емдеуге құқылы.