Көші-қон заңнамасын бұзуға жол бермеуге ұсынымдар

Инструкция

Көші-қон заңнамасын бұзудың алдын алу мақсатында азаматтар:

- жаңа тұрғылықты жері бойынша уақтылы тіркелуі қажет;

- тіркелген жері бойынша тұрмаған жағдайда, тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шықпай, уақытша келген (тұратын) жеріне уақтылы тіркелуге; 

- тұрғын үйдің иелері тұрғын үйлерінде тұратын жеке тұлғаларды уақтылы тіркеуі тиіс;

- іс жүзінде тұрмайтын адамдарды өз тұрғын үйіне тіркеуге жол бермеуі тиіс;

- кетуіне байланысты тұрмайтын адамдарды уақытша тіркеуден уақтылы шығару;

- жеке кабинетте электрондық үкімет порталында өз тұрғын үйінде тіркелгендердің санын өз бетінше тексеруге;

Ақпараттық жүйеде жаңа мекенжай бойынша тіркелген кезде азамат бұрынғы мекенжайдан автоматты түрде тіркеуден шығарылады. Тұрғын үй иелерінің келісімінсіз бөтен адамдарды тіркеу мүмкін емес. Тұрғылықты жері бойынша тіркелу және уақытша келген жеріне тіркелу тұрғын үй иесінің келісімімен ғана жүзеге асырылады. Егер тіркеу ­е ХҚКО ресімделсе, тұрғын үй иесі тіркеуге жазбаша келісім береді, ресімдеу кезінде электрондық үкімет веб-порталы арқылы тіркеуге келісімге тұрғын үй иесі ЭЦҚ арқылы қол қояды.

Мекенжай бойынша тіркелген тұлғалар туралы SMS-хабарлама арқылы тұрғын үй иелерін хабардар ету сервисі іске қосылды. Осыған байланысты, сервистің көмегімен үй иесі негізсіз тіркелу болған жағдайда мекенжай бойынша тіркелген адамдардытіркелу күшін жою немесе тіркеуден шығару шараларын уақтылы қабылдай алады.

Дата обновления - 28.02.2023
Справочная информация
ХҚКО байланыс деректері
461