Тұрғылықты, уақытша келген (тұратын)жері бойынша тіркелу

Инструкция

Тұрғылықты, уақытша келген (тұратын) жері бойынша 14 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары қатысады, себебі он төрт жасқа толмаған адамдардың (жас балалардың) немесе қорғаншылықтағы азаматтардың тұрғылықты жерi болып олардың заңды өкілдерінің тұрғылықты жерi танылады.

Уақытша келген (тұратын) жері бойынша есепке тұру (тіркеу) уақытша тіркелу болып табылады. Тұрғылықты жері бойынша тіркелу тұрақты тіркелу болып табылады. Уақытша  1 айдан астам мерзімге келген азамат тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шықпай-ақ (16 жасқа толмаған балаларды, емдеу мекемелеріндегі азаматтарды, вахталық әдіспен жұмыс істейтін адамдарды қоспағанда) 10 күн ішінде тіркелуге міндетті.

Бір мекенжайда көп адам тіркеліп, бірақ олар ол тұрғын үйде тұрмайтын жағдайлар кездеседі.  Егер аталған фактілерге тұрғын үй иелері тарапынан жол берілген жағдайда, бұл бұзушылық болып саналады да, меншік иелеріне қатысты әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

Дата обновления - 28.02.2023
Справочная информация
Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ байланыс ақпараты
679