Қаржылық мүмкіндіктеріңізді бағалау

Инструкция

Мысалы, сіз қандай мақсатқа кредит алатыныңызды анықтап алдыңыз делік, және сіздің ойыңызша, ол негізделген. Сіз банкті, белгілі бір кредиттік ұсынысты таңдадыңыз. Сіз үшін келесі қадам өзіңіздің жеке қаржылық жағдайыңыз бен төлем қабілеттілігіңізді бағалау болуға тиіс. Өзіңізге сұрақ қойыңыз: «Егер сіз кенеттен жұмыссыз қалсаңыз немесе кенеттен ауырып қалсаңыз, кредит төлей аласыз ба?». Сіз тек тұрақты табыс көзіне сүйеніп, ертеңіңізді ойлауыңыз керек. Сіздің кредиттік міндеттемелеріңіз бойынша ай сайынғы төлем сіздің кірісіңіздің жартысынан аспауға тиіс. Тек осы жағдайда ғана сіз кредиттің уақтылы өтелуіне азды-көпті сенімді боласыз.

Кредитті төлемеген жағдайда, банктің сіздің міндеттемелерді орындамағаныңыз туралы ақпаратты кредиттік бюроларға жіберуге құқылы екенін естен шығармаңыз. Бұл ақпарат сіздің кредиттік тарихыңызға әсер етері сөзсіз. Егер кредит кепіл қойылып алынған болса, онда борышкердің кепіл мүлкі соттан тыс немесе сот арқылы сатылуы мүмкін. Сондай-ақ, бұл шара шартта келісілген және борышкердің қосымша келісімінсіз белгілі бір сома борышкердің банктік шотынан есептен шығарылған жағдайда, кредитор төлем талаптарын бере алады. Сонымен қатар, борышкер сот орындаушысының қаулысы бойынша шетелге шығуға тыйым салынған азаматтар тізіміне енгізілуі мүмкін. Борышкердің Қазақстаннан шығуына уақытша шектеу туралы бұл құжат сот санкциясымен жүзеге асырылады.

{"id":17124,"source_id":3187,"title":"Шет елге шығуы шектелген, борышқорлар тізілімі және атқару өндірісі бойынша борышқорлар тізілімі бойынша шет елге шығуға тыйым салынғандығының бар болуын тексеру","service_code":"SR.14","service_link":"https://egov.kz/services/SR.14/"}

Егер қарыз алушы кредит бойынша өз міндеттемелерін орындай алмаса, онда бірінші кезекте ол мерзімі өткен күннен бастап 30 күн ішінде жазбаша өтінішпен немесе шартта жазылған өзге де тәсілмен кредитті қайта құрылымдау үшін өзіне қызмет көрсететін банкке немесе МҚҰ-ға жүгінуі қажет.

Өтініште қарыз алушы мыналарды көрсетуі керек:

  •  өз міндеттемелерін орындамау себебі.
  • -әрі қарай кредитті өтеу бойынша өз нұсқалары.

Өтінішке міндетті түрде сіздің қаржылық жағдайыңыздың нашарлағанын растайтын құжаттар қоса берілуі керек: бұл сіздің қаржылық және әлеуметтік жағдайыңыз, сіздің міндеттемелеріңізді толық көлемде орындауға мүмкіндік бермей отырған, кірістеріңіздің төмендеуі немесе болмауы туралы ақпарат және басқасы болуы мүмкін. Сұратылған құжаттарды ұсынбау қарыз алушының өтінішін қараусыз қалдыруға негіз болып табылады.

Қарыз алушы барлық қажетті құжаттарды ұсынғаннан кейін банк немесе МҚҰ қарыз алушының ағымдағы қаржылық және әлеуметтік жағдайы (төлем қабілеттілігі), кепілді тұрғын үйдің жалғыз болуы, мерзімі өткенге дейін қарыз бойынша міндеттемелерді адал орындауы сияқты факторларды ескере отырып, өтінішті қарау рәсімін бастайды.

Банк немесе МҚҰ күнтізбелік 15 күн ішінде Қарыз алушыға жауап беруге тиіс:

- шарт талаптарына ұсынылған өзгерістерді қабылдай отырып, келісім беруге;

- шарт талаптарын өзгерту бойынша өз ұсыныстарын беруге;

- себептердің уәжді негіздемелерін көрсете отырып, бас тартуға

Заңнамаға сәйкес қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізу мыналарды көздейді:

-қарыз шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендету жағына қарай өзгерту;

- негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлемді кейінге қалдыру;

-берешекті өтеу әдісін немесе берешекті өтеу кезектілігін, оның ішінде негізгі борышты басым тәртіппен өтей отырып өзгерту;

- қарыз мерзімін өзгерту;

- мерзімі өткен негізгі борышты және (немесе) сыйақыны, айыпақыны (айыппұл, өсімпұл) кешіру, комиссияларды және банктік қарызға қызмет көрсетуге байланысты өзге де төлемдерді жою;

- кепіл берушінің ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті дербес сатуы;

- банкке (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға) кепіл мүлкін беру жолымен қарыз шарты бойынша міндеттемені орындаудың орнына кері қайтарып беру;

- қарыз шарты бойынша міндеттемені сатып алушыға бере отырып, ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті сату.

Егер қарыз алушы қарызды қайта құрылымдау талаптары бойынша кредитормен келісімге келе алмаса немесе кредитор мерзімі өткен берешекті реттеу рәсімдерін жүргізбесе және дәлелді негіздемелер ұсынылмаса, қарыз алушы кредитордың шешімін алған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгінуге құқылы.

Назар аударыңыз! Қарыз алушы өзінің өтінішіне міндетті түрде кредиттік ұйымға жүгінгені және онымен өзара қолайлы шешімге қол жеткізбегені туралы дәлелдемелерді қоса беруге тиіс. Қарыз алушының өтініші негізінде Агенттік банкке немесе МҚҰ-ға қатысты құжаттамалық тексеруге бастама жасайды.

Есіңізде болсын, кредит – бұл үлкен жауапкершілік және шарт талаптарын мұқият зерделемеу, кредиттік міндеттемелерді орындауға немқұрайды қарау және өз төлем қабілеттілігіңізді асыра бағалау әдеттегі өмір салтыңызға айтарлықтай әсер етуі, тіпті сіз және жақындарыңыз үшін стрестік жағдайдың туындауына дейін алып келуі мүмкін. 

 

Дата обновления - 11.06.2024
Справочная информация
136