Кредит мақсатын айқындау

Инструкция

Кредиттердің мақсатсыз түрі болады, бұл ретте кредитор қарыз алушының әртүрлі қажеттілігіне белгілі бір сома береді. Мақсатты кредит -жылжымайтын мүлік, жер учаскесін сатып алуға, білім алуға, емделуге және т.б. беріледі. Кредиттер қарыздың ең жоғары сомасымен, сыйақы мөлшерлемесімен, мерзімімен, кепілдің болуымен немесе кепілсіз болуымен ерекшеленеді.

Сізге кредит не үшін керек екенін анықтап алыңыз. Кредит алмай-ақ мәселені шешуге бола ма? Есіңізде болсын, кредит – бұл ең алдымен міндеттеме, оны Сіз қарыз алушы ретінде ұзақ мерзім бойы орындауға тиіс боласыз.

Егер сіз кредит алуды шешсеңіз, оны банктік қарыз шартында көрсетілген мерзімде қайтара алатыныңызға сенімді болуыңыз керек.

Дата обновления - 04.05.2023
Справочная информация
123