"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен және басқа да ордендермен марапатталған көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы

Инструкция

"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға   ай сайын:

  •  "Күміс алқа" алқаларымен марапатталғандарға-6,4 АЕК  немесе 23 629 теңге;
  •  "Алтын алқа" алқасымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған-7,4 АЕК немесе 27 321 теңге.

Қызметті үш жолмен алуға болады:

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

Көп балалы анаға жәрдемақы тағайындау үшін марапаттауды растайтын құжатты қоса бере отырып, корпорацияға өтініш беру жолымен жүгіну қажет:

  • жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
  • "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы ананың наградталғанын немесе атағын алғанын растайтын құжат.

Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін-Байқоңыр қаласының тұрғын үй шаруашылығы азаматтарын есепке алу және тіркеу бөлімінің анықтамасы.

2) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы (проактивті);

Проактивті қызмет арқылы қызмет көрсету кезінде қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабарлама арқылы ұсынылады (өтініш берушінің мобильді азаматтары базасында тіркелген жағдайда). Көрсетілетін қызметті алушының проактивті қызмет көрсетуге келісімі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы банктік шот нөмірін растау немесе ұсыну қажет.

3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (портал).

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы тағайындауға жүгінген кезде-электрондық құжат нысанындағы өтініш, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, I және "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы ананың наградталғанын немесе атағын алғанын растайтын құжаттың сканерленген көшірмесі II дәрежелі", банктік шоттың деректері және ЭЦҚ көмегімен қол қою.

Дата обновления - 11.03.2024
Справочная информация
6708