Кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары бар немесе жиырма үш жасқа дейін күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттері бар көпбалалы отбасыларға отбасы табысына қарамастан төмендегі көлемде жәрдемақы тағайындалады:
Сіз осы жәрдемақыны тағайындауға 4 жолмен өтініш бере аласыз:
1) Онлайн-қызмет арқылы осы жәрдемақыны тағайындауға өтінім беруге болады:
"Электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы тағайындауға өтініш жасаған кезде-электрондық құжат нысанындағы өтініш, балалар туралы, неке қию/бұзу туралы, қорғаншылық/қамқоршылық туралы, туу туралы актілік жазбадан бала асырап алу туралы мәліметтер, банктік шоттың деректері және ЭЦҚ көмегімен қол қою.
2) Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы (проактивті);
Проактивті қызмет арқылы қызмет көрсету кезінде қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабарлама арқылы ұсынылады (өтініш берушінің мобильді азаматтары базасында тіркелген жағдайда). Осылайша, жәрдемақы тағайындау үшін көрсетілетін қызметті алушының проактивті қызмет көрсетуге келісімі, сондай-ақ ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы банктік шот нөмірін растау немесе ұсыну қажет.
3) Егер онлайн-қызметті пайдалану мүмкіндігі болмаса, онда келесі құжаттарды ұсына отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ барып өтінім беруге болады.
4) екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық технологиялар объектілері: Әлеуметтік кодексте көзделген негіздер бойынша көп балалы отбасына жәрдемақы тағайындау құқығы туындаған кезде өтініш беруші екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық технологиялар объектісі арқылы автоматтандырылған режимде өтінішті қалыптастыруға бастамашылық жасайды, бұл ретте оған өтініш нысанында көзделген міндеттемелер мен шарттар туралы хабарланады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
- Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде – құжаттар топтамасын тіркеген сәттен бастап – 7 (жеті) жұмыс күні;
- порталға, екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық технологиялар объектілеріне немесе проактивті сервиске кіру кезінде – 4 (төрт) жұмыс күні.