Көпбалалы отбасылар мен көпбалалы ананың мәртебесі

Инструкция

«Неке (ерлі – зайыптылық) және отбасы туралы»  Кодекске сәйкес көп балалы отбасы құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ 23 жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар отбасылар көпбалалы отбасылар болып саналады.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Заңға сәйкес алты баланы туып, тәрбиелеген көп балалы аналар алтыншы баласы бір жасқа толған кезде және қалған балалары тірі болған кезде «Күміс алқа» алқасымен, сондай-ақ жетінші баласы бір жасқа толған соң жеті және одан да көп бала туған аналар және қалған балалары тірі болған кезде «Алтын алқа» алқасымен марапатталады.


Дата обновления - 11.03.2024
Справочная информация
«Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заң
11326