ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде зейнетақы алу туралы не білу қажет?
ЖүктеуКіріспе
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы 07.12.2020 ж. ратификациялаған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы 20.12.2019 жылғы Келісім күшіне енді.
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер: Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы болып табылады.
Келісім халықаралық шарт болып табылады, еңбекшілер мен отбасы мүшелеріне қатысты қолданылады және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтарын зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қатынастарды реттеуге арналған.
Бұл материалда біз Келісімде жұмысшылар үшін не қарастырылғанын және зейнетақыны тағайындау және төлеу қалай жүзеге асырылатынын айтамыз.
