Келісімнің негізгі мақсаты ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің еңбекшілерінің жұмысқа орналасу мемлекетінің азаматтары үшін қолданылатын шарттармен және тәртіппен зейнетақы құқықтарын қалыптастыру болып табылады. Бұл ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекет ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің азаматтарына өз азаматтарына осындай шарттармен берілетін құқықтар көлеміне тең зейнетақымен қамсыздандыру құқықтарының көлеміне кепілдік беруі тиіс дегенді білдіреді.
Осылайша, Келісім күшіне енгенге дейін, яғни 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің еңбекші-азаматтары мүше мемлекеттердің аумақтарында тұрақты тұрусыз еңбек қызметі кезеңдері үшін зейнетақымен қамсыздандыруға үміткер бола алмады.
01.01.2021 ж. бастап Келісім ережелеріне сәйкес:
Осылайша, Қазақстан Республикасында жұмыс берушімен жасалған қызмет көрсету туралы еңбек, азаматтық-құқықтық шарттар негізінде еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасында уақытша болатын ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ға ставкалар бойынша және БЖЗҚ-ға аудару жолымен өздерінің зейнетақы құқықтарын қалыптастыруға міндетті Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Мысалы, ЕАЭО елдерінен (Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы) еңбеккерді тартқан жұмыс беруші 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап БЖЗҚ-ға еңбеккердің ай сайынғы табысының 10% мөлшерінде (ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспайтын) міндетті зейнетақы жарналарын тұрақты аударуды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында Келісімді іске асыру бойынша:
уәкілетті органдар:
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі.
құзыретті органдар:
"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамы және оның зейнетақы жинақтарының еңбекшілерін (отбасы мүшелерін), мұрагерлерін (құқықтық мирасқорларын) не олардың өкілдерін және олардан алынған құжаттарды қабылдау, мәліметтер мен құжаттарды дайындау, өңдеу, зейнетақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту туралы) туралы шешімдер қабылдау, зейнетақы төлеуді (жеткізуді) ұйымдастыру жөніндегі филиалдары, 01.01.1998 жылдан кейін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер еңбекшілерінің еңбек өтілін растау;
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетi және оның аумақтық бөлiмшелерi - ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердiң жұмысшы-азаматтарының 1998.01.01 дейiнгi жұмыс өтiлiн растау үшiн.
Келісімнің толық мәтінімен мына жерде Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтында танысуға болады.