Зейнетақы тағайындау үшін қайда жүгіну керек

Инструкция

Келісімге сәйкес еңбеккердің (отбасы мүшесінің) зейнетақыны тағайындау және төлеу үшін тұрғылықты мемлекеттің құзыретті органына және (немесе) жұмысқа орналасқан мемлекеттің құзыретті органына жүгінуге құқығы бар.

 Қазақстан Республикасында Келісім шеңберінде зейнетақы тағайындау және төлеу мәселелері бойынша тікелей БЖЗҚ-ға жүгіну қажет. Мысалы, Қазақстан Республикасының азаматы Келісім күшіне енгеннен кейін (01.01.2021 ж.бастап) Ресей Федерациясының аумағында жұмыс істеді және Ресей заңнамасы бойынша зейнетақы алу құқығы басталған кезде оған зейнетақы тағайындау және төлеу үшін өтініш пен тиісті құжаттарды тапсыру қажет емес. Тұрғылықты елдің құзыретті органына, яғни БЖЗҚ-ға жүгіну жеткілікті. ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттерде де зейнетақы алу құқығы басталған кезде өтініш берудің осындай тетігі.         

Дата обновления - 11.03.2024
Справочная информация
289