ЕШЕАБЖ-ға мәлімет енгізу және ЕШЕАБЖ-дан оны алу тәртібі

Инструкция

Жұмыс беруші қызметкермен еңбек шартын жасау және тоқтату, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы мәліметті қамтитын ақпаратты ЕШЕАБЖ-ға енгізуге міндетті. 

Жұмыс беруші ЕШЕАБЖ-ға ақпаратты ЕШЕАБЖ-дан кадрлық қамтамасыз етуді интеграциялау арқылы немесе «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталы немесе ЕШЕАБЖ-мен интеграцияланған еңбек шарттарын есепке алуды автоматтандыру жөніндегі  басқа да ақпараттық жүйелер арқылы енгізеді: 

  • қызметкермен еңбек шартын жасау және тоқтату туралы;
  • еңбек шартына енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы. 

Еңбек шарттары туралы міндетті мәлімет: 

  • тараптардың деректемелері: жұмыс берушінің - жеке тұлғаның ЖСН немесе жұмыс берушінің - заңды тұлғаның БСН, қызметкердің ЖСН;   
  • белгілі бір мамандық, кәсіп, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмыс (еңбек функциясы);  
  • жұмыс орындау орны;
  • еңбек шартының мерзімі; 
  • жұмыстың басталу күні;
  • шарт жасалған күн және оның реттік нөмірі. 

Еңбек шарттары туралы қосымша мәлімет: 

  • жұмыс уақыты мен демалыс режимі;
  • қызметкердің жүктілікке және бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалысқа және бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалысқа шығуы туралы.

Мәліметті жұмыс беруші немесе жұмыс берушінің актісі бойынша осы міндет жүктелген кадр қызметінің басшысы ұсынады.   

ЕШЕАБЖ-ға мәліметтер енгізу мерзімі: 

- жаңадан жасалған еңбек шарттары туралы - екі тарап еңбек шартына қол қойған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей;

 - қағидалар енгізілгенге дейін жасалған қолданыстағы еңбек шарттары (2020 жылғы 17 қыркүйекке дейін):

  • саны 2 000 адамға дейінгі кәсіпорындар үшін - Қағидалар күшіне енген күннен бастап 1 жыл ішінде (2021 жылғы 17 қыркүйекке дейін);
  • саны 2 000 адамнан асатын кәсіпорындар үшін-Қағидалар күшіне енген күннен бастап 2 жыл ішінде Қағидалардың күші (2022 жылғы 17 қыркүйекке дейін);

- еңбек шартына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы - екі тарап еңбек шартына өзгерістер мен толықтыруларға қол қойған күннен бастап күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей хабарлайды.

- міндетті мәліметтерді дұрыс енгізбегенде қателерді түзетеді-бастапқы мәліметтерді енгізген күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде;

- қызметкердің және (немесе) жұмыс берушінің деректемелерін дұрыс енгізбеген жағдайда мәліметтерді жояды-бастапқы мәліметтерді енгізген күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде;

- қызметкер қалпына келтірілген жағдайда, оны қалпына келтірген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде - қалпына келтіру туралы шешім шығарған органның күнін, нөмірін көрсету арқылы түзету;

- еңбек шартын тоқтату туралы-еңбек шарты тоқтатылған күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей;

- Еңбек кодексінің 30-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген еңбек шартының қолданылу мерзімін ұзарту кезіндегі тиісті ақпарат-еңбек шартының қолданылу мерзімі ұзартылған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде.

ЕШЕАБЖ-дан мәліметтерді еңбек жөніндегі  уәкілетті мемлекеттік орган жеке және заңды тұлғаларға  ҚР дербес деректер және оларды сақтау туралы заңнамасының талаптарын ескерумен, электрондық немесе қағаз түріндегі сұрау салу негізінде береді. 

Дата обновления - 23.05.2022
Справочная информация
1177