Еңбек шарттары туралы мәліметтерді жүргізу www.hr.enbek.kz сайт арқылы немесе жұмыс берушінің кадрлық ақпараттық жүйесін ЕШЕБЖ-мен біріктіру арқылы жүзеге асырылады.
Бірінші жағдай үшін «Электрондық еңбек биржасы» www.hr.enbek.kz мемлекеттік ақпараттық порталында «HR.Enbek еңбек ресурстары» ішкі жүйесінде тіркелу қажет, кәсіпорын туралы мәліметтер ЭЦҚ-мен расталуы тиіс. Электрондық еңбек шарттары жазбаша түрде жасалатын еңбек шартының дәстүрлі нысанына қосымша нұсқа болып табылады.
Екінші жағдай үшін «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығына сәйкес интеграциялау бойынша жұмысты ұйымдастыру қажет.
ЕШЕАБЖ-ның негізгі артықшылықтары:
Шарттар екі тілде: қазақ және орыс тілінде жасалуы мүмкін. Қызметкер электрондық үкіметтің жеке кабинетінде ағымдағы еңбек шарты туралы ақпаратты «еңбек қызметі» бөлімінде тексере алады, онда кәсіпорынның атауы, жасалған күні, шарттың нөмірі және лауазымы көрсетіледі.