Жеке тұлға Қазақстан Республикасына келгеннен кейін не нәсіліне, ұлтына, азаматтығына байланысты қудалаудың құрбаны болу мән-жайларының басталғаны туралы Қазақстан Республикасының аумағында болған кезден бастап күнтізбелік 5 күн ішінде дініне, азаматтығына, белгілі бір әлеуметтік топқа мүшелігіне немесе саяси көзқарасына байланысты жеке өзі немесе уәкілетті өкілі арқылы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарына (МЖМБ) жазбаша өтінішхат береді.
Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру туралы өтініш тіркелген күні пана іздеушіге Қазақстан Республикасында пана іздеушінің куәлігі беріледі және оның өтініші бойынша шешім қабылданғанға дейінгі мерзімге есепке алынады.
Пана іздеуші куәлікті алған күннен бастап 3 күнтізбелік күн ішінде саусақ ізін алуға жатады.
Куәлік 18 жасқа толған шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға 3 ай мерзімге беріледі.
18 жасқа толмаған отбасы мүшелері туралы мәліметтер пана іздеген адамның, ата-анасының бірінің немесе заңды өкілдерінің куәлігіне енгізіледі.
Пана іздеген, 18 жасқа толмаған және ҚР аумағына ата-анасыз немесе заңды өкілдерсіз келген адамға пана іздеген адамның куәлігі беріледі.
Пана іздеген адамның куәлігі босқын деп тану туралы өтініш берген шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның ҚР аумағында болуының заңдылығын растайды.
Өтінішхатты қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, қолданылу мерзімі өткен пана іздеген адам куәлігінің орнына 3 ай мерзімге жаңа куәлік беріледі.
ҚР Мемлекеттік шекарасынан өткен кезде адам көші – қон бақылау пунктіне, ал мұндай пункт болмаған жағдайда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бөлімшесіне жазбаша өтініш береді.
Кейіннен пана іздеген адам және өтініш өтінішті ресімдеу және анықтама беру үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарына беріледі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункті болмаған кезде адам Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын мәжбүрлі түрде заңсыз кесіп өткен жағдайда 24 сағат ішінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына жүгінуге міндетті.