Форвардтық сатып алуға қатысу үшін құжаттар тізбесі

Инструкция

Форвардтық сатып алуға қатысу үшін өтінім берген кезде мынадай құжаттар ұсынылуы тиіс.

Заңды тұлғалар:

1) Қағидаларда көзделген нысан бойынша өтінім;

2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

3) Барлық өзгерістері мен толықтырулары бар жарғының көшірмесі, сондай-ақ Жарғыда құрылтайшылардың/қатысушылардың құрамы туралы мәліметтер болмаған жағдайда, құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтер бар құрылтай құжаттарынан үзінді көшірме немесе акцияларды ұстаушылар/қатысушылар тізілімінен үзінді көшірме;

4) Әлеуетті өнім берушінің уәкілетті органының шарт жасасу және қамтамасыз етуді ұсыну туралы шешімінің түпнұсқасы;

5) ҚҚС төлеушілер үшін - ҚҚС төлеушілер тізілімінің электрондық базасынан үзінді көшірме немесе егер ҚҚС төлеушілер тізілімінің электрондық базасы уақытша жұмыс істемейтін жағдайда, салық органынан әлеуетті өнім берушінің ҚҚС төлеуші болып табылатыны туралы анықтама;

ҚҚС төлемейтіндер үшін - ҚҚС төлеушілер тізілімінің электрондық базасынан үзінді көшірме немесе ҚҚС төлеушілер тізілімінің электрондық базасы уақытша жұмыс істемеген жағдайда, салық органынан әлеуетті өнім берушінің ҚҚС төлеуші болып табылмайтындығы туралы анықтама;

6) Әлеуетті өнім берушінің уәкілетті органының атқарушы органның басшысын тағайындау туралы шешімінің Әлеуетті өнім берушінің қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылған көшірмесі;

7) атқарушы орган басшысының жеке куәлігінің көшірмесі, сондай-ақ өтінімге және/немесе шарттарға атқарушы органның басшысы қол қоймаған жағдайда - Әлеуетті өнім беруші өкілінің өтінімге және/немесе шарттарға қол қоюға уәкілеттігін растайтын құжат (сенімхат/сенімхаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі және сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі);

8) Әлеуетті өнім берушінің (консорциумға қатысушылардың) Корпорация өткізетін форвардтық сатып алуға қатысу үшін құжаттар тізбесіне № 1 қосымшада көзделген нысан бойынша кредиттік бюродан кредиттік есепті алушыға кредиттік есепті беруге келісімі;

9) Әлеуетті өнім берушінің (консорциумға қатысушылардың) Корпорация өткізетін форвардтық сатып алуға қатысу үшін құжаттар тізбесіне № 2 қосымшада көзделген нысан бойынша өзі туралы ақпаратты кредиттік бюроға беруге келісімі;

10) cалық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша Әлеуетті өнім берушіде берешектің бар/жоқ екенін растайтын өтінімді берген күнге бір ай ішінде әрекет ететін салық органы берген құжат;

11) қызмет көрсететін ЕДБ мен басқа да қаржы институттарының өтінім беру күні бір ай ішінде әрекет ететін несие берешегінің болуы/болмауы туралы, шоттардың болуы туралы және айдың басындағы және соңындағы тиісінше соңғы он екі айдағы кіріс және шығыс ақша қалдықтарын көрсете отырып айналымдар туралы және ЕДБ-ге мерзімінде төленбеген төлем құжаттары бойынша берешек туралы анықтамалары;

12) Кепілдікті қамтамасыз ету ретінде Кепілдік беру ниеті туралы құжат және Қағидаларға №6 қосымшаға сәйкес тізбеге сәйкес құжаттар.

13) Әлеуетті өнім беруші форвардтық сатып алуға консорциум нысанында қатысқан жағдайда, тараптар қатысушыларының міндеттемелері мен жауапкершілігі ортақ болып табылатын міндетті шартпен бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі ұсынылады.

Жеке тұлғалар:

1) Қағидаларда көзделген нысан бойынша өтінім;

2) Әлеуетті өнім берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, сондай-ақ өтінімге және/немесе Шарттарға шаруа/фермер қожалығының басшысы қол қоймаған жағдайда - Әлеуетті өнім берушінің өкілінің өтінімге және/немесе шарттарға қол қоюға уәкілеттігін растайтын құжат (сенімхаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі және сенімді тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі);

3) кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың көшірмесі;

4) салық органының шаруа/фермер қожалығы мүшелерінің тізімін растау туралы анықтамасының түпнұсқасы немесе шаруа/фермер қожалығының басшысы куәландырған шаруа/фермер қожалығы мүшелерінің саны туралы мәліметтер немесе әлеуетті өнім берушінің форвардтық сатып алуға жай серіктестік нысанында қатысқан жағдайда, тараптар қатысушыларының міндеттемелері мен жауапкершілігі ортақ болып табылатын міндетті шартпен бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарттың нотариалды куәландырған көшірмесі ұсынылады;

5) Шарт жасасуға және қамтамасыз етуді ұсынуға шаруа/фермер қожалығының барлық мүшелерінің (мүшелері болған кезде) келісімі / сенімхатының көшірмесі (нотариалды куәландырған) немесе әлеуетті өнім берушінің форвардтық сатып алуға жай серіктестік нысанында қатысқан жағдайда, бірлескен қызметтің барлық қатысушыларының атынан әрекет ететін жай серіктестікке қатысушыға берілген нотариалды куәландырылған сенімхаттардың көшірмелері ұсынылады;

6) ҚҚС төлеушілер үшін - ҚҚС төлеушілер тізілімінің электрондық базасынан үзінді көшірме немесе егер ҚҚС төлеушілер тізілімінің электрондық базасы уақытша жұмыс істемейтін жағдайда, салық органынан әлеуетті өнім берушінің ҚҚС төлеуші болып табылатыны туралы анықтама;

ҚҚС төлемейтіндер үшін - ҚҚС төлеушілер тізілімінің электрондық базасынан үзінді көшірме немесе ҚҚС төлеушілер тізілімінің электрондық базасы уақытша жұмыс істемеген жағдайда, салық органынан әлеуетті өнім берушінің ҚҚС төлеуші болып табылмайтындығы туралы анықтама;

7) Әлеуетті өнім берушінің (жай серіктестікке қатысушылардың) Корпорация өткізетін форвардтық сатып алуға қатысу үшін құжаттар тізбесіне № 1 қосымшада көзделген нысан бойынша кредиттік бюродан кредиттік есепті алушыға кредиттік есепті беруге келісімі;

8) Әлеуетті өнім берушінің (жай серіктестікке қатысушылардың) Корпорация өткізетін форвардтық сатып алуға қатысу үшін құжаттар тізбесіне № 2 қосымшада көзделген нысан бойынша өзі туралы ақпаратты кредиттік бюроға беруге келісімі;

9) cалық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша Әлеуетті өнім берушіде берешектің бар/жоқ екенін растайтын өтінімді берген күнге бір ай ішінде әрекет ететін салық органы берген құжаттың түпнұсқасы;

10) қызмет көрсететін ЕДБ мен басқа да қаржы институттарының өтінім беру күні бір ай ішінде әрекет ететін несие берешегінің болуы/болмауы туралы, шоттардың болуы туралы және айдың басындағы және соңындағы тиісінше соңғы он екі айдағы кіріс және шығыс ақша қалдықтарын көрсете отырып айналымдар туралы және ЕДБ-ге мерзімінде төленбеген төлем құжаттары бойынша берешек туралы анықтамалары;

11) Кепілдікті қамтамасыз ету ретінде Кепілдік беру ниеті туралы құжат және Қағидаларға №6 қосымшаға сәйкес тізбеге сәйкес құжаттар.

Дата обновления - 24.02.2022
Справочная информация
Корпорация басқармасының 2022 жылғы 5 қаңтардағы №1 «2022 жылға арналған ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алу қағидалары» шешімі
122