Форвардтық сатып алу бағдарламасына қатысушыларға қандай талаптар қойылады

Инструкция

Бағдарламаға жергілікті атқарушы органдар құратын алқалы орган – Үйлестіру кеңесі бекіткен үміткерлер кіре алады. АШТӨ мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:

1) салық төлеу бойынша берешектің, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша берешектің болмауы;

2) қаржы институттары алдында 30 күннен астам мерзімі өткен берешегінің болмауы;

3) оңалту рәсімін қолдану туралы немесе банкрот деп тану туралы сот шешімдері бар дәрменсіз борышкерлердің тізімдерінде болмауы, сондай-ақ сомаларды өндіріп алу/міндеттемелерді мәжбүрлеп орындау туралы орындалмаған сот актілерінің болмауы;

4) сот актілерімен және/немесе қылмыстық/азаматтық/әкімшілік істер материалдарымен белгіленген астықтың нақты болуымен қамтамасыз етілмеген астық қолхаттарын Корпорацияның пайдасына беру фактілерінің болмауы;

5) Жеткізушіде және/немесе Жеткізушімен үлестес (байланысты) тұлғаларда (үлестестігін белгілеу мүмкін болған кезде) Корпорациямен және/немесе оның еншілес және тәуелді ұйымдарымен даулы құқықтық қатынастардың болмауы;

6) Корпорацияның ішкі нормативтік құжаттарында көзделген өзге де талаптар.

Бағдарламаға қатысушы әлеуметтік - кәсіпкерлік корпорациялардан, екінші деңгейдегі банктерден (Корпорация бекіткен белгіленген лимиттер шеңберінде) міндеттемелерді орындау кепілдігін ұсынуға тиіс.

Форвардтық сатып алу шарты жасалған жағдайда «франко-зауыт» EXW (Инкотермс-2020) талаптарымен лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарына тиісті сапалы өнімді жеткізуге міндетті.

Дата обновления - 24.02.2022
Справочная информация
Корпорация басқармасының 2022 жылғы 5 қаңтардағы №1 «2022 жылға арналған ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алу қағидалары» шешімі
158