2025 жылғы 24 мамырдан бастап Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының (2024 жылғы 22 қараша, № 138-VIII) нормалары күшіне енді, сәйкесінше Банкке ұлттық даму институты мәртебесі берілді.
Қабылданған Заңның мақсаты – тұрғын үй саясатын орталықтандырылған жүргізу, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету тиімділігін арттыру, тұрғын үй алу процедураларын оңтайландыру, сондай-ақ барлық азаматтар санаты арасында тұрғын үйді әділ бөлу үшін біртұтас механизмді енгізу.
Осылайша, ұлттық даму институты мәртебесін алған сәттен бастап Банк Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында қызметін жүзеге асыруды бастады және тұрғын үй саясаты саласындағы оған жүктелген функцияларды орындауда.