Бағдарламаның критерийлеріне сәйкес азаматтар жеңілдетілген тұрғын үй қарызын алуға үміткер бола алады.
«5-10-20» бағдарламасына қатысу үшін міндетті шарттардың бірі – өтініш берушінің соңғы 6 (алты) айдағы еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен түскен табысын құжаттармен растай алуы, және бұл табыс әрбір отбасы мүшесіне шаққанда 6 (алты) өмір сүру минимумынан аспауы тиіс.
Банкінің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес, өтініш берушінің жасы өтініш берілген уақытта кемінде 18 және ең көп дегенде 64,5 жаста болуы керек.
Алайда, қатысушының жасы талапқа сәйкес келмеген жағдайда тұрғын үйді ипотекалық қарызсыз толық сатып алу мүмкіндігі бар.