Ережелердің 24-бабына сәйкес, 5 % (бес пайыз) жылдық мөлшерлемемен жеңілдетілген ипотекалық тұрғын үй қарызының қатысушылары – Қазақстан Республикасының азаматтары, кандастары, біртұтас республикалық электрондық базада немесе «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғын үйге мұқтаждар ретінде есепте тұрғандар, және соңғы 6 (алты) айдағы еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен түскен отбасының жиынтық табысы әрбір отбасы мүшесіне шаққандағы 6 (алты) өмір сүру минимумынан аспауы тиіс.
Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептегенде Қазақстан Республикасында алынған табыстар есепке алынады:
Еңбекақы түрінде алынатындар, яғни еңбек ақы жүйесі бойынша барлық жалақылар, оның ішінде жасақтық, сағаттық жалақы, сондай-ақ сыйақылар, қосымша төлемдер, үстемақылар, ынталандырушы және өтемақы төлемдері (қаржыландыру көзіне қарамастан, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, келісімдерге, еңбек және ұжымдық келісімдерге және жұмыс берушінің актілеріне сәйкес қызметкерлерге төленетін ақшалай сомаларды қоса алғанда);
Кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстар.
Осылайша, «5-10-20» ипотекалық бағдарламасына тұрғын үй жағдайын жақсартуды қажет ететін азаматтар қатыса алады. Сонымен бірге, міндетті шарт – соңғы 6 (алты) айдағы еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен түскен отбасының жиынтық табысы әрбір отбасы мүшесіне шаққанда 6 (алты) өмір сүру минимумынан аспауы.