Бір күні сіз ресімдемеген несие бойынша қарызыңыз бар екенін білмеу үшін жеке деректердің қауіпсіздігі мәселесіне мұқият қарау керек.
Бұл материалда сіз ресімдемеген несиені анықтаған кезде қайда жүгіну керектігін, төлем карталарын пайдалану кезінде сізді қалай алдауы мүмкін екенін, сондай-ақ егер сіз осындай жағдайға тап болсаңыз не істеу керектігін айтамыз.
Банк қызметкерлері сізге ешқандай жағдайда телефон арқылы қоңырау шалмайтынын және келесі деректерді сұрамайтынын білу маңызды:
Банк қызметкері ешқашан «қате» несиені банкоматта қолма-қол ақшаға айналдыруды және бұл ақшаны сіздің картаңызға кері қайтаруды талап етпейді.
Төлем карталарын пайдалана отырып, алдаудың түрлі тәсілдері бар.
Мысал ретінде алаяқтықтың ең көп таралған әдістерін келтіреміз.
Ең алдымен, қарыз ресімделген кредиттік ұйымның атауын білу қажет. Егер бұл ұйым ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің реттеу периметрінде болса жақсы. Мұны қаржы реттеушісінің сайтында "Рұқсаттар мен хабарламалар тізілімі" бөлімінде тексеруге болады.
Алаяқтар сіздің атыңызға қандай несиелік ұйымда несие алғанын анықтағаннан кейін, сіз осы ұйымға барлық ақпаратты егжей-тегжейлі көрсете отырып, өтініш жазуыңыз керек. Төлем картасын немесе жеке басын куәландыратын құжатты жоғалтқан жағдайда растайтын анықтаманы қоса беру қажет. Ішкі қызметтік тергеу жүргізуді талап етіңіз. Сіздің өтінішіңіз тіркелуі керек, өтінішті қабылдаған күні бар тіркеу нөмірі сіз өзіңізге қалдырған өтініштің көшірмелеріне де қойылуы керек.
Сонымен қатар, несиелік ұйым Сізге Шарттың, оған қосымшалардың және жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін, сондай-ақ ақша аударылған шоттың деректемелерін ұсынуы керек. Сізге несие берген және келісімшарт жасаған қызметкердің мәліметтерін нақтылау қажет болады.
Кредиттік ұйым құжаттарды ұсынудан бас тартқан жағдайда, Сіз ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне шағым бере аласыз.
Егер несие беру ұйымы сіздің куәлігіңіз бойынша ақшаны алаяқтар алғаны туралы дәлел таппаса, мәмілені жарамсыз деп тану үшін тұрғылықты жері бойынша сотқа талап қою керек. Сот сіздің пайдаңызға шешім шығарған жағдайда, несиелік ұйым: