Негізгі кезең – жәбірленуші деп тану туралы қаулыны не полицияның ұсынысын алу.
Полиция кредитті ресімдеу мән-жайларын белгілейді, дербес деректерді пайдалану фактілерін тексереді және қатысы бар адамдарды анықтау бойынша шаралар қабылдайды.
Алынған қаулымен кредиторға хабарласу қажет.
Маңызды: құжатта кредит сомасы, рәсімделген күні және кредитордың атауы көрсетілуі керек Көрсетілген құжаттың негізінде кредитор күнтізбелік 3 күннен кешіктірмей берешекті өндіріп алуды және кредит бойынша талап-арыз жұмысын тоқтатады.
Қажет болған жағдайда кредитор мән- жайларды тексеру үшін қосымша мәліметтер сұратуға құқылы Егер кредит коллекторларға берілсе - оларға қылмыстық іс пен іс жүргізу құжатының бар екендігі туралы хабарлаңыз.
Кредитордың немесе коллектордың әрекетсіздігі жағдайында тексеру жүргізу және қадағалап ден қою шараларын қабылдау үшін е-Otinish арқылы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне (ҚНРДА) хабарласыңыз.
Полиция қызметкерлерінің әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) келіспеген жағдайда сіз аумақтық органның басшылығына жүгінуге, e-Otinish порталы арқылы шағым беруге не прокуратура органдарына жүгінуге құқылысыз.