Түсіну маңызды: алаяқтық фактісі қарызды автоматты түрде есептен шығаруды білдірмейді.
Есептен шығару, егер бір уақытта:
- алаяқтық фактісі;
- кредит беру кезінде кредитор тарапынан бұзушылықтар анықталған жағдайда ғана мүмкін болады.
Жағдайға байланысты соттан тыс есептен шығару (көрінеу бұзушылықтар кезінде) немесе сот тәртібі қолданылады.
|
БОРЫШТЫ СОТТАН ТЫС ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ |
БОРЫШТЫ СОТ АРҚЫЛЫ ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ |
|
Егер алаяқтық фактісін бір мезгілде полиция растаса және кредит беру кезінде кредитордың тарапынан бұзушылықтарға жол берілсе қолданылады. |
Егер алаяқтық фактісін полиция растаса, бірақ кредитор тарапынан бұзушылықтардың болғанын сот тәртібімен белгілеу талап етілсе қолданылады. |
|
Ондай бұзушылықтарға мыналар жатады: – онлайн-кредит алу кезінде міндетті биометрияның болмауы; – клиент eGov арқылы кредиттерді алуға тыйым салуды белгілеген жағдайда кредит беру; – жас ерекшеліктеріне қойылатын талаптарды сақтамау (расталған келісімсіз 21 жасқа дейін және 55 жастан астам); – бірінші кепілсіз тұтынушылық кредитті онлайн биометриясыз немесе жеке қатысуынсыз ресімдеу (белгіленген шектерден асқан жағдайда); – «шешім қабылдау кезеңін» бұзу: 150-ден 255 АЕК-ке дейінгі банктік қарыздар үшін 8 сағатқа дейін және банктік қарыздар бойынша 255 АЕК-тен және микрокредиттер бойынша 75 АЕК-тен астам сомалар үшін 24 сағатқа дейін және қарыз алушының растауынсыз. Ерекше жағдайлар: - тауарлар немесе қызметтер үшін төлемді тікелей сатушыға жасау; - берешекті сол банкте немесе МҚҰ-да өтеу; - 150 АЕК-ке дейінгі лимиттер шегінде карта бойынша операциялар жасау; - салықтарды, айыппұлдарды және атқарушылық іс жүргізу бойынша берешекті төлеу. |
Сот полиция жинаған дәлелдер базасының негізінде кредиттің алаяқтық жолмен ресімделу фактісін белгілейді және алаяқтардың әрекеттеріне банктердің немесе МҚҰ-ның бұзушылықтары себеп болғанын-болмағанын анықтайды. Мұндай бұзушылықтарға мыналар жатады: – үшінші тұлғалардың клиенттің дербес деректерін пайдалануы (оның ішінде қашықтан қол жеткізуді пайдалана отырып); – биометрия рәсімін бұзу; – алаяқтық операцияларды анықтау және олардың алдын алу жөніндегі талаптарды сақтамау; Бұл жағдайда сот істің мән-жайын белгілейді және кредитті есептен шығару туралы шешім қабылдайды. |
|
Кредитор: - борышты есептен шығаруға; - ұстап қалған сомаларды қайтаруға; - кредиттік тарихқа өзгерістер енгізуге міндетті. |
Сот шешімі күшіне енгеннен кейін кредитор: - борышты есептен шығаруға; - ұстап қалған сомаларды қайтаруға; - кредиттік тарихқа өзгерістер енгізуге міндетті. |
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ ЖӘНЕ ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР
|
Полиция |
eGov.kz (https://egov.kz), eOtinish (https://eotinish.kz) немесе тұрғылықты жері бойынша жеке келу (фронт-офис: + 7 7172 71 46 93) |
|
ҚНРДА |
e-Otinish.kz порталы/Өтініш беру/ҚНРДА (call-орталық: + 7 727 237 10 00) |
|
Прокуратура |
e-Otinish.kz порталы/Өтініш беру/ҚР Бас прокуратурасы (call-орталық: 115 – Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) |