АОБ медициналық бөлігін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 7 қазандағы № ҚР ДСМ-116/2020 бұйрығымен бекітілген медициналық оңалтуды көрсету қағидаларына және диагностика, емдеу және оңалтудың клиникалық хаттамаларына сәйкес медициналық ұйымның көпсалалы тобы әзірлейді, ДКК төрағасының ЭЦҚ-мен куәландырылады.
Медициналық оңалтуды Денсаулық сақтау саласындағы заңнамаға сәйкес медициналық ұйымдар жүргізеді.
АОБ медициналық бөлігінің орындалуы туралы деректерді медициналық ұйымдардың мамандары медициналық ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелеріне енгізеді.
АОБ медициналық бөлімінің жүргізілген кешенді оңалту іс-шараларының тиімділігін бағалауды медициналық ұйымның мультидисциплинарлық тобы, ДКК жүзеге асырады.