Оңалту құралдары мен қызметтері мүгедектігі бар адамдарға тұрғылықты жері бойынша АОБ негізінде ұсынылады.
Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдарды, сондай-ақ кресло-арбаларды беруді қамтиды.
Сондай-ақ стационар, жартылай стационар және үйде күтім жасау жағдайында жеке көмекшілердің, жестау тілі мамандарының, санаторий-курорттық емдеудің, арнаулы әлеуметтік қызметтердің қызметтерін көрсетуді қамтиды.
Мүгедектігі бар адамдар мемлекеттік мекемелерде абилитация мен оңалтудың жекелеген техникалық құралдарына және көрсетілетін қызметтерге Тапсырыс беру үшін әлеуметтік қызметтер порталын пайдалана алады.