АОБ медициналық-әлеуметтік айғақтар мен қарсы айғақтар негізінде 031/е нысанында көрсетілген оңалту іс-шараларының жоспарын ескере отырып, куәландыру (қайта куәландыру) кезінде МӘС бөлімі әзірлейді.
АОБ 3 (үш) жұмыс күні ішінде сырттай проактивті куәландыруға МӘС актісінің жобасы келіп түскен жағдайда, күндізгі куәландыру кезінде өтініш жасалған күні әзірленеді. АОБ іске асыру мерзіміне сәйкес келетін әрбір оңалту іс-шарасын іске асыру мерзімін көрсете отырып, мүгедектікті белгілеу мерзіміне әзірленеді.