Қандай күн айыппұл төлеу күні болып есептеледі

Инструкция

Айыппұл төлеген адам үшін міндеттемені орындау күні:

  • қолма-қол ақшасыз төлемді жүзеге асыру кезінде – банкоматтар немесе электрондық терминалдар арқылы төлемді жүзеге асыру күні;
  • оларды бюджетке қолма-қол төлеген жағдайда – тұлғаның банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға ақша енгізген күні болып табылады.

Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар төлемдер сомасын:

  • төлем карточкасын пайдалана отырып жүргізілетін жағдайларды қоспағанда, салық төлеуші оларға бастамашылық жасаған күні;
  • төлем карточкасын пайдалана отырып жүргізілген жағдайда, салық төлеушінің банктік шотынан ақша есептен шығарылған күннен бастап бір операциялық күннен кешіктірмей;
  • банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассаларына қолма-қол ақша енгізілген не екінші деңгейдегі банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық терминалдары арқылы қолма-қол ақша енгізілген күннен бастап операциялық күн ішінде, бірақ келесі операциялық күннен кешіктірмей бюджетке аударуға міндетті.
Дата обновления - 13.12.2021
Справочная информация
Салық кодексі
798